ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің араласуымен 178 шаруа 418 миллион теңгенің субсидиясын алды. Бұған дейін диқаншылар өтінімдерді қарауға қатысты заңсыздықтардың кесірінен қиындыққа тап болған еді. Соның кесірінен олар биоагенттер мен пестицидтерді субсидиялауға байланысты мемлекеттік қызметті ала алмай келді.

РКС: Ережеге сәйкес, субсидияға өтінімдер қабылдау өткен жылдың 1-ші сәуірі мен 1-ші желтоқсаны аралығында жүзеге асырылды. Бірақ, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы қызмет алушылардың өтінімін өткізбей қойған. Құжаттардың дұрыс толтырылмауы мен мерзіміне қатысты заңсыздықтар бар деген уәж айтқан.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ШЫТЫРЫМБЕК, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Шаруа қожалықтары өтінімдерін Gosagro.kz ақпараттық жүйесі арқылы қайта тапсыру мүмкіндігінен айырылған. Алайда, әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың кінәсінен туындаған әкімшілік әрекеттер қызмет алушылар үшін ауыртпалық тудырмауы тиіс.

РКС: Ұсыныс енгізілгеннен кейін шаруалардың құқығы қалпына келтіріліп, субсидия тағайындалды. Қазір өтінімдер төлем жасау кезегінде тұр.

СНХ: БОЛАТ ӘМІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Осыған орай Департамент басқармаға қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру туралы ұсыныс енгізді. Нәтижесінде, 178 қызмет алушыға 418 млн теңге көлемінде субсидия тағайындалды.

РКС: Департамент мамандары жағдайды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеді. Өтйкені, қызмет алушылар құқығының сақталуын қатмамасыз ету міндетіміз,-дейді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ