ДИКТОР: Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Мектептерде қолайлы жағдай жасау үшін инклюзивті білім беруді қолдау орындары ашылады. Қыркүйек айында Степногорскідегі Александр Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің негізінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Түрлі диагнозы бар 14 бала мектептерде білім алуды жалғастыра отырып, қажетті қолдауды алады.

РКС: Бұл лицей базасында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті дамуды қолдау кабинеті. Оның негізгі міндеті барлық баланың зияткерлік пен шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ету.

СНХ: ЛАРИСА УШАКОВА, А. С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің кабинет ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған. Кинетикалық құм, Сеген тақталары, Монтессори кабинеттерінің үлкен жиынтығы. Біздің балаларымыздың онымен айналысудың керемет шеберлігі. Оған қоса демалыс аймағы. Осы кабинетте балаларымыз гүл өсірумен айналыса бастады. Балалар кабинетке келіп, гүлдерді суарып, оларға ерекше күтім жасайды.

РКС: Кабинетте білікті мамандар, яғни логопедтер, дефектологтар, психологтар мен әлеуметтік педагогтар жұмыс істейді. Қазір кабинетке тежелген психикалық дамуы мен тілі жетілмеген 14 бала келіп жүр.

СНХ: АЛИНА ПЕТРОВА, А. С. ПУШКИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ПСИХОЛОГЫ: Бұл ерекше қажеттіліктері бар, бірақ, уақыт өте келе оны дамытуға болатын балалар. Мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіліп отыр. Балалар репетиторларды іздеп, үйден шықпай-ақ мамандардың барлық қажетті көмегін ала алады. Олар бізге сенеді. Мұның бәрін уақытында өтелсе, тіптен жақсы.

РКС: Мамандардың айтуынша, кешенді тәсілді қолданудың арқасында балалардың дамуында оң динамика байқалады. Олардың көпшілігінде бұрын кідірістер байқалған болса, өазір айтарлықтай жақсарған. Екінші жартыжылдықтың басында кейбір тәрбиеленушілер қолдау бағдарламасын сәтті аяқтамақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.