ДИКТОР: Өңірдегі медицинаның жас мамандарына мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, Көкшетау қаласындағы көпсалалы ауруханасында жас та болса тәжірибелі эндокринолог Мерей Сейітқожа еңбек етеді. Қабылдауына келетіндердің қарасы қалың. Ақ халатты нәзік жан тек өз ісінің маманы ғана емес, сонымен бірге әр пациенті үшін шынайы алаңдайды.

РКС: Мерей бұл мамандыққа кездейсоқ келген жоқ. Бала күнгі арманы алысқа жетелеп, ақыры болашағын медицинамен байланыстырды. 35 жылдан астам мейірбике. Бұл қызметке келуіне анасы себепші болыпты. Өйткені, еңбек жолын қызының жалғағанын қалаған. Мерейдің эндокринология бағытын таңдауы да кездейсоқ емес.

СНХ: МЕРЕЙ СЕЙІТҚОЖА, ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЭНДОКРИНОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: Бесінші курста оқып жүрген кезімізде облыстық балалар ауруханасында, соматикалық аурулар бөлімшесінде кәсіби тәжірибеден өттім. Онда маған балалар эндокринологы жетекшілік етті. Мен қалқанша безінің аурулары бар, қант диабеті бар, бойы қысқа науқастарды қарадым. Маған сол кезден бастап эндокриндік бұзылулары бар балалармен жұмыс істеу ұнады. Содан кейін, тәжірибе аяқталғаннан соң мен осы салаға тереңірек үңіле бастадым және эндокринологияға қызығушылық танытқанымды түсіндім, сондықтан мен осы мамандықты таңдадым.

РКС: Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Мерей жұмысқа орналасу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының көмегіне жүгінді. Сол тұста қалалық ауруханада эндокринолог дәрігерінің бос орны бар екені біледі. Келесі күні бірден жұмысқа кірісті. Медициналық мекеме мен облыс әкімдігі жас маманға қажетті қолдаудың бәрін көрсетті.

СНХ: МЕРЕЙ СЕЙІТҚОЖА, ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЭНДОКРИНОЛОГ-ДӘРІГЕРІ: Осында жұмысқа орналасқаннан кейін ауруханадан және облыс әкімдігінен төлем ретінде екі көмек көрсетілді. Ауруханадан 500 мың, әкімдіктен 2,5 миллион теңге қаржылай қолдау алдым. Сондай-ақ, мен тұрмыс құрғаннан кейін аурухана басшылығы қызметтік баспана берді. Осындай қолдауға ие болдым.

РКС: Ұжым өте кішіпейіл. Қолдаулары да зор,-дейді Мерей. Ал әріптестері Мерейдің жауапты әрі кәсібіне адал қызметкер екенін айтты.

СТХ: ӘСЕТ БЕКТАСОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Қызметкер ретінде білімді, өте сауатты. Көпшілігі Мерейді өз мамандығының нағыз иесі деп таниды. Пациенттер мен ұжымның арасында кәсіби құзыретті маман ретінде өзін көрсете білді. Эндокринолог ретінде пациенттер тарапынан да үлкен сұранысқа ие маман. Қазірдің өзінде оның қызметіне жүгінетін пациенттері бар .

РКС: Мерей адамдардың өмірін жақсартуға аз да болса үлес қосып жүргенін мақтан тұтады. Эндокринология саласында өзін дамытқысы және пациенттерге кәсіби көмек көрсеткісі келетінін де жасырмады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ