ДИКТОР: Степногорскідегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі дарынды спортшыларды дайындайды. Мекеме тәрбиеленушілерін спорттық киім-кешекпен қамтамасыз етіп, қажетті жағдайдың бәрін жасайды. Мектеп базасында спорттық гимнастика, ауыр атлетика, бокс, шаңғы жарысы, еркін күрес және дзюдо сияқты 13 спорт түрі дамыған.
РКС: 2000-шы жылы ашылған спорт мектебінде 1300-ге жуық оқушы білім алуда. Жаттықтырушы-оқытушылық құрам жоғары шеберлігімен танымал. Шаһарға жақын ауылдарда ауыр атлетика, еркін күрес және қазақ күресінің бөлімшелері де жұмыс істейді.
СНХ: АЙНАРА БЕКНАЗАРОВА, БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі таңда бізде 13 бөлім жұмыс атқарады. 33 тренеріміз бар. Бестөбе кентінде еркін күрес бөлімі ашылды осы жылы қаңтар айынан бастап Заводской кентінде бізде ауыр атлетикадан жарыс бөліміміз бар. Біздің спортшылыр көптеген облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысады.
РКС: Спорт мектебінде басым насихатталатын бағыттың бірі-дзюдо. Бүгіндері секцияға 200-ден астам бала келеді. Балғын спортшыларға білікті 3 жаттықтырушы дзюдоның әліппесін үйретуде. Солардың бірі-Николай Дураченко. Ол осы мектептің түлегі.
СНХ: НИКОЛАЙ ДУРАЧЕНКО, ДЗЮДОДАН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Жалпы бізде дворец спортада 3 бапкеріміз бар дзюдо бөлімінен. 200-ден аса балалар жұмыс істеп жүр. Енді спорт шеберіне үміткерлер бар. 20 шақты балалар облыстардың чемпиондары, республиканың чемпиондары. Жалпы жағдайлар өте жақсы. Үлкен залымыз бар. Ай сайын осында жарыс өткіземіз. Одан кейін республикалық, халықаралық турнирлерге барамыз. Міне, 1 ай бұрын Германия еліне балаларды апардым. 54 мемлекеттің арасында бір бала 5-ші орынды. Бір бала 7-ші орынды алды. Жалпы барлық жағдайды жасап жатыр. Үлкен залымыз бар. 1-ші қабатта качалка бар.
РКС: Балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебінде спорттық нәтижелерге сәйкес келешегі зор оқушылардың тізімі ұдайы жаңартылып тұрады. Айта кетейік, мектеп оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ