ДИТКОР: Қыс басталғалы облыста 38 рет дауылды ескерту жарияланды. Метеорологиялық құбылыстардың салдарынан қалың қар жауып, боран, бұрқасын, тұман, көктайғақ, жел күшейді. Жолдарда көру мүмкіндігі төмендеді. Солтүстік өңірде қазан айынан бастап ауа райы қолайсыздық тудырды.
РКС: Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде 80-нен астам жол талғамайтын көлік бар. Құрал-жабдықтар қыста апатты-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажет. Сонымен қатар, 3 тас жолда медициналық құтқару пункті жұмыс істейді. Төтенше жағдай уақытында бұл бекеттер жолда қалған азаматтарды уақытша панаталату үшін қолданылады. Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға қатысты жағдайды жақсарту үшін 11 қарашадан бастап облыстық жедел штаб құрылды. Желтоқсанның басынан азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесі күшейтілген тәртіпке көшті.
СНХ: ДУЛАТ ҚАЙЫРТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Азаматтарды қолайсыз ауа райынан қорғау және қар құрсауында көліктердің қалып қоюын болдырмау мақсатында қыс басталысымен 82 участокте 8 рет аудандық маңызы бар жолдарда жол қозғалысы шектеліп, кей тұста толығымен жабылды. Тұрғындарды уақытылы хабардар ету мақсатында ұялы байланыс операторлары арқылы ауа райының нашарлауы туралы 50 SMS хабарлама жіберілді. Сондай-ақ "Darmen" мобильді қосымшасы арқылы 59 ескерту жасалды.
РКС: Құтқарушылар жергілікті билікпен, жол қызметімен және полициямен бірлесіп жұмыс істейді. Өңір жолдарындағы жағдай тәулік бойы бақылауда. Қауіпті жағдайларды жою үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Жол жамылғысы қардан тазартылып, жолдарға мұзды ерітетін арнайы материалдар себілді.
СНХ: ДУЛАТ ҚАЙЫРТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ведомствоның бөлімшелері мүдделі органдармен бірлесіп жүргізген апатты-құтқару жұмыстарының нәтижесінде шетелдің 80 азаматы, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Бұл азаматтар жедел және қауіпсіз түрде жылу пункттеріне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қыс басталғалы 40 адам, оның ішінде 9 бала жолдардың жабық учаскелеріндегі бақылау-өткізу бекеттерінен жылу пункттеріне жеткізілді.
РКС: Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ақмолалық құтқарушылар 3 мыңнан астам техниканы жол бойымен алып жүрді. Мамандар жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау керектігін тағы да еске салады. Сапарды алдын ала жоспарлап, ауа райы болжамын бақылап отырған абзал.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ