ДИКТОР:Көкшетауда қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің өкілдері мен облыстық туризм басқармасының өкілдері қатыстырылды. Жиында өңірдегі туризм саласын дамыту мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға қатысты шараларды талқылады.

РКС: Туризм саласы облыс экономикасына сүбелі үлес қосып отырған сала. Кеңес отырысына қатысушылар осылай деді. Сондай-ақ туристерді тартуда Ақмола облысы әлеуетінің зор екені де айтылды. Тұмса табиғат, тарихи ескерткіштер мен инфрақұрылымдық жобалар осыған ерекше серпін бермек.

СНХ:АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ақмола облысы – еліміз бойынша туризм саласы дамыған үш орталықтың бірі. Щучье-Бурабай курортты аймағы үкімет деңгейінде, Қазақстан бойынша туризмді дамытуға бағытталған орталықтың үштігі ретінде айқындалды. Ақмола облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Короновирус індетінен кейін, соңғы жылдары туризм көрсеткіші өсуде. Біздің өңірдегі курортты орындарға жылына шамамен бір миллионға жуық турист келеді. Әрине, ең алдымен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау мен мониторинг аясында ең алдымен осы салаға талдау жүргізілмек.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері аймақтағы мониторингтің көрсеткіштерін атап өтті. Субсидияларды негізсіз көтеру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режимін бұзуға айырықша назар аударылды.

СНХ:САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2020 және 2024 жылдар қатарында Ақмола облысына 18 млрд. тенгеден астам қаржы бөлінген. Туризм саласына айтарлықтай бюджет қаражаты бөлінгенімен, сонымен қатар оны тиімді игеру тәуекелдері бар екенін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне сыртқы талдауды бастады. Талдау әр аймақты орталықтандырылған түрде жүргізілуде. Бұл талдаудың мақсаты туризм саласындағы проблемалық мәселелерді және даумына кедергі келтіретін тәуекелдерін анықтау. Қазіргі уақытта жол бойындағы сервис объектілерін құрулысын субсидиялауға қатысты тәуекелдері белгіленді. Осылайша негізсіс көтерілген субсидиялау фактілері бар. Одан басқа ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау режімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған фактілері анықталды.

РКС:Жиын қорытындысы бойынша оған қатысушылар туризмді дамыту үшін алдағы уақытта қауіпсіз ортаны қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне белсенді мониторинг жүргізу жалғаспақ.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ