ДИКТОР: Республикалық "Егемен Қазақстан" газетіне "Елдігімізді танытқан ерен жыл" атты мақала шықты. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасалып, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеу¬меттік-экономикалық даму¬дағы іргелі өзгерістер мен табыс¬тар туралы айтылған. Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтары жылы" деп жариялады. Қоғамда адал еңбек, адал азамат құндылықтарын сіңіру жолындағы жүйелі істер атқарылуда.
РКС: Президент биыл жұмыс сапарымен еліміздің 11 өңіріне барды. Аймақтардағы 60-тан аса өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысты. Ел ішіндегі 41 іс-шараға қатысты. Сонымен қатар еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерімен 137 кездесу өткізді. Мемлекет басшысы осы жылы 3979 құжатты қарап, қол қойды. Оның ішінде 95 заң, 319 жарлық, 81 өкім, 28 отырыс хаттамасы мен 3500-ге жуық қызметтік құжат қабылданған.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Әрине биылғы жыл жауапты әрі маңызды жыл болды. Сыртқы саясат болсын, ішкі саясат болсын оқиғаларға толы жыл болды. Үкімет үшін бір сын осы көктемгі су тасқыны болды. Президент сол мәселені бірінші күннен қолға алып, қаржылай ма пәтер ма үй ма көмек көрсетілді. Бұл да Үкіметке деген үлкен сенім. Екіншісі атом электр станциясының салынуы. Көп пікірлер болды, халықтың басым бөлігі дауыс беріп, бұл экономикамыздың дамуына керек екенін түсінді.
РКС: Көктемгі су тасқыны кезінде еліміздің 10 өңірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет басшысы адамдарды дереу қауіпсіз жерге көшіру және қарғын судан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету жөнінде тапсырма берді.Тасқын судың салдарынан мал-мүлкінен айырылған жандардың ешқайсысы елеусіз қалған жоқ. Зардап шеккендердің барлығына материалдық, қаржылай қолдау көрсетілді. Үйсіз қалған тұрғындарды баспанамен қамту үшін жылжымайтын мүлік нарығынан 5767 тұрғын үй сатып алынды. 9156 үйге жөндеу жүргізіліп, толық аяқталды. Қысқа мерзімде 2680 жеке тұрғын үй салынды.
СНХ: СӘБИТ ЖӘМБЕК, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Биылғы жылы көп істелген жұмыстардың ішінде мына "Жайлы мектеп" бағытында үлкен істер атқарылып жатыр. Елімізде білім мен технологияға қатысты экономикаға негізделгені туралы айтылады. Жалпы осы жерде ғылым мен технология туралы Заңға қол қойылайын деп жатқандығы Мемлекет басшысының қолдап қуаттап экономиканың ілгерілеуіне қадағаланып жақсы айтылған. Мамандар тапшылығына қатысты шетелдің жаратылыстану, техникаға қатысты мамандықтардың бізде филиалдары ашылуы бізге қуанышты жаңалық.
РКС: Биыл көктемгі су тасқынына қарамастан, 26,7 млн тонна астық жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Ендігі міндет азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайту. Арнайы жазылған мақалада ұлттық құрылтай, көлік-транзит әлеуетін арттыру, "Жайлы мектеп", "Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобалары шеңберінде атқарылған көлемді жұмыстар туралы да айтылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ