ДИКТОР: Дәл қазір өңірде соғым сою науқанының нағыз қызған уақыты. Қасапшылар осы күндері күніне тіпті 3 жылқыға дейін союда. Зеренді ауданына қарасты Бірлестік ауылында он шақты қасапшы бар. Олар кезектесіп, мал сойып қана қоймай, жастарды да қасапшылыққа үйретуде.

ЕСТ.ШУМ: Жылқыны союдың реті бар. Қорада бос тұрса бұғалқы лақтырып, ербұрауын салып, далаға алып шығамыз. Қазақтың салтымен алдымен батасын береді. Ауылдың үлкен атасынан бата тілейді. Содан кейін барып сояды.

РКС: Бірлестік ауылындағы жылқышы, әрі қасапшылардың бірі Нұрбек Тәшкен. Оның мал союмен айналысып жүргеніне 25 жылдан асқан. Қасапшылық өнер, оны енді кейінгі ұрпаққа үйрету бізге міндет дейді ол.

СНХ: НҰРБЕК ТӘШКЕН, ҚАСАПШЫ: Осыны жаңғырту керек. Атадан атаға, ұрпақтан ұрпаққа жаңғырту керек. Қазақтың дәстүрі осындай. Жылқыны қалай сою керек, мына балаларға үйрету керек.

РКС: Бірлестіктің бірнеше қасапшысы бұл күні Тоқтамысовтар әулетінің малын сойды.

СНХ: ӘДІЛХАН ТОҚТАМЫСОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Мен ноябрьдан бастап байладым міне. 47 күн тұрды, 4 мезгіл жемдеймін, суарамын.

РКС: Ауылдағы оншақты қасапшы екі күн бұрын қасапшылар күнін тойлады. Яғни, барлық қасапшы мен ішек-қарын аршитын әйелдер бірігіп, бұл күнді ерекше атап өтеді. Қазақтың салтымен ет асып, қымыз ішіп, әдемі отырыс ұйымдастырады. Бұл ауылдағы соңғы 10 жылдан бері үзілмей келе жатқан дәстүр.

ЕСТ.ШУМ: 16.28 Осыдан 10 жыл бұрын күніне 4 соғым сойдық. Бәрі сұрайды ғой қалай сойдыңыздар деп. Ол үшін жанындағы адамдар пысықтау болу керек. Ал қазір жуықта ғана сойдым, күніне 3 соғым. 2 тай, бір бие сойдық. союға болады.

РКС: Қазір қалалы жерде соғым сою үшін қасапшылар 25-30 мың теңге көлемінде ақы алады. Ал ауылды жерде әрине тегін.

СНХ: НҰРБЕК ТӘШКЕН, ҚАСАПШЫ: Мен сойып жатырмын бұл кісілерден мен пұл сұрамаймын. Қазақтың дәстүрімен қуырдақ болады. Омыртқадан кейін қысқа мүше болады. Әрелік дейді. Омыртқа бұзып жатқанда екі сүйем ет соны береді. Үй иесі "Қолыңа дерт бермесін, жылда осылай соғым соя бер" дейді де береді. Әрелік дейді, азапарқа дейді қазақша әртүрлі айтады енді.

РКС: Жылқы малын союда үлкен ұқыптылық қажет. Өйткені, ол сыйлы қонаққа тартылатын табақты көтереді.

ЕСТ.ШУМ: Көрдіңіздер ме, міне қандай тамаша, әдемілеп шап. Майы да кетпейді, еті де жыртылмайды, біркелкі, неге бұлай істейді, мұның барлығы мүше. Жал жая дейді. Сыйлы қонаққа асылады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ