ДИКТОР: Облыстағы криминогенді жағдайды тұрақтандыру үшін полиция департаменті қылмысқа қарсы күресті күшейту бойынша шаралар жүргізуде. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Облыстық полиция департаментінің кешенді жұмысының қорытындысы бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Қылмыстар саны 12 процентке азайса, қылмыстық құқық бұшылықтар да біршама төмендеген.

СНХ: БАХТИЯР УТЕКИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кешенді түрде жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде денсаулыққа ауыр зиян келтіретін қылмыстың көрсеткіші 9,5 процентке төмендеді. Бопсалау бойынша 33,3, қарақшылық 13,5 процентке азайды. Өзгенің мүлкін ұрлау 22,4 процентке төмендеді. Ұялы телефондарды ұрлау фактісі де соңғы кездері біршама бәсеңсіді. Мал ұрлығына қатысты қылмыс саны әлі де азайды деп айта алмаймыз. Қазір осы санаттағы қылмыс 54,3 процентке төмендетілді. «Адам өлтіруге қарсы іс-қимыл жөніндегі» ведомстволық бағдарлама шеңберінде кісі өліміне жол бермеу және оны ашу, алдын алуға қатысты шаралар қабылдануда. Биыл кісі өлтіру қылмыстары толық ашылды.

РКС: Әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбеюіне байланысты интернет алаяқтық бүгінде өзекті. Десе де тәртіп сақшыларының профилактикалық жұмыстарының арқасында бұл қылмыстың саны 9 процентке азайды.

СНХ: БАХТИЯР УТЕКИН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Anti-fraund» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында 4 акция өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 136 қылмыс ашылды. «Кибербақылау» жүйесінде 317 сілтеме бұғатталды. Әр қылмыстық істің шеңберінде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыруға ықпал ететін адамдар, яғни дропперлер анықталады. Жыл басынан бері 188 адам анықталды. Бүгінде азаматтық іс жүргізу шеңберінде 64 талап-арыз соттарда жатыр. Онда 84 миллион теңгеге дропперлерге қатысты талаптарды қанағаттандыру сұралған.

РКС: Брифинг қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзге де өзекті мәселелерге қатысты өткір сауалдар қойды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.