ДИКТОР: Ұстаз - ұлы тұлға. Бүгінде заман талабына сай білім берушілерге ерекше көңіл бөлінуде. Тіпті, олардың құрметіне терең мағыналы фильмдер де көрермен назарына ұсынылып жатыр. Осы орайда көкшетаулық ұстаз қауымының назарына танымал журналист, продюсер Бейсен Құранбектің "Ұстаз" фильмі ұсынылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қаладан туған ауылына оралған жас мұғалімнің мектептегі қызығы мен қиындығы қамтылатын фильм көпшіліктің көңілінен шықты. Тіпті, қайта көруге келгендердің де қарасы қалың болды.
СНХ: НҰРТАС АХАТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Алдында бұл фильмді көрдік бір рет. Негізінде қазіргі біздің қоғамда, мынау әлеуметтік идеологиялық, филологиялық, философиялық, психологиялық мәселелердің үлкен дүмпу өзгерістер болып жатыр. Жаңа қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруда осы "Ұстаз" фильмінің үлкен роль атқаратының айтқым келіп отыр."Ұстаз" фильмінің ерекше қасиеті болу керек деп ойлаймын. Себебі, қазіргі қоғамда ұстаздың ролі, ұстаздың абыройы мен дәрежесі төмен түсіп кетті деп айтып жатыр. Бірақ, қанша дегенмен ұстаздың, педагогтың, мұғалімнің, оқытушының үлкен ролі ол жаңа ұрпақты біздің мемлекетшілділік деңгейінде тәрбелеуге келіп тіріледі.
РКС: Бұл фильм арқылы заман талабына сай ұстаздың оқушылармен қарым-қатынасы, мұғалімнің беделі мен педагогикалық қызметтің қиындығы шынайы көрініс тапқан.
СНХ: НӘЖІМЕДДЕН НҰРАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Ұстаз" фильмі жас ұстаздың тағдырын суреттеді. Жас маман болса да өзін ұстаздық жолда тұлға ретінде көрсете білді. Тәрбие процесін қалыптастырып, ұймдастыра алды. Жас маман балаларға деген сүйіспеншілікті және өз мамандығына деген адалдықты жақсы көрсете білді.
РКС: Фильмдегі басты кейіпкерлердің рөлін Жетісу облыстық драма театры мен Оқушылар сарайындағы поэтикалық театрдың актерлері сомдады. "Ұстаз" туындысы танымал журналист, продюсер Бейсен Құранбектің туған өлкесі Жетісу өңірінде түсірілген.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ