ДИКТОР: Кеше кешкісін қала тұрғындары мен қонақтары асыға күткен Бас шырша шамының жағылуын тамашалады. Жаңа жылдық шырша шамы бір мезетте «Абылай хан» алаңы, Болашақ сарайы, Застанционный, Привокзальный, Бірлік шағын ауданы, Станционный кенті, «Достар» мәдениет сарайы мен Красный Яр ауылында жағылды.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Абылай хан алаңына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл-күйі көтеріңкі. Қараңғы түсісімен шыршаның шамдары жағылып, бұл жерде жайлы әрі сиқырлы атмосфера сезіледі. Бас шыршаның айналасында мұздан қашалған жыл атауының 12 символы орнатылған. Сондай-ақ айнала жарқыраған шағын архитектуралық формалар мен түрлі түсті жарық шамдарымен безендірілген.
СНХ:БАҒИРА НИЯЗБЕКОВА, ҚАЛА ҚОНАҒЫ: Мен осы Көкшетау қаласына қонақ болып келіп қалдым. Бүгін салтанатты жаңа жыл шыршасының ашылуына келіп отырмын. Өте жақсы безендірілген. Қаланың әкімшілігіне ризашылығымды білдіремін. Өте көңілді, бәрі жақсы. Қала тұрғындарына алда келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Мол табыстарға, жақсы нәтижелерге жете беріңіздер! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!
РКС:Биыл жаңа жылдық шырша қаланың ұмтылысын бейнелейтін символдармен толықтырылып, ұлттық стильде безендірілген. Ал шыршаның ұшар басында «Көкшетау дамуының тұжырымдамасы» брендингі орнатылған. Жаңа жылдық безендіру қала бюджеті есебінен, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асырылды.
СНХ:МАХАББАТ САМРАТ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: 51 млн теңге қаражат бөлінген болатын. Оған 22 метрлік жаңа жылдық шырша. 12 мұз қалашығын орнату үшін мұз фигуралары, 8 шағын архитектуралық нысандар, сонымен қатар 2 фотозона бұған қоса, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде биыл бірінші рет 3 мұз сырғанағы пайда болды.
РКС: Көкшетаулықтар бас шырша шамының жағылуынан соң отшашу көрінісін тамашалады. Шырша шамының жағылуына орайластырылған кеш қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ