ДИКТОР: Жемқорлық – қоғам індетіне айналып отыр. Ол барлық салада көрініс табуда. Әлеуметтік қастық ретінде қабылданатыны сөзсіз. Оны жаппай қоғам болып күресіп, түбірімен жою қажет. Оның ең тиімді тәсілі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Бұл жұмысты күшейте түсу қажет.

РКС: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға аталған салалық департамент ерекше назар аударып отыр. Мәселен, жүзеге асырылып отырған жобаның бірі - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік». Аталған жоба волонтерлер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бей-жай қарамайтын азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес субьектілерін, квазимемлекеттік секторды, сонымен бірге өзге де ұйымдарды тартуға бағытталған. Оның оң өзгерістерді қазірдің өзінде байқалуда.

СНХ: БАХЫТ ТӨРЕБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Аймақтағы волонтерлер 800-ден астам азаматқа заңгерлік көмек көрсетті. Волонтёрлермен бірлескен жұмыстың арқасындамемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде 619,4 млн.теңге үнемделді. Әлеуметтік нысандар, жол, мемлекеттік сатып алу және өзге де салалардағы құрылыс сапасына қоғамдық 36 мониторинг жүргізілді. Волонтерлер қызметінің қорытындысы бойынша 20-дан астам оң кейс бар екенін атап өткім келеді.

РКС: Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған шаралар көп ұйымдастырылады. Мысалы, биыл өңірде алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп жұмыс істеді. Ондағы басты мақсат – жазғы мектепке қатысушыларда жемқорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыру. 4 күн бойы облыстағы жастар ұйымдарының көшбасшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім алды. Сондай-ақ студенттік клубтардың «Саналы ұрпақ» облыстық слеті де ұйымдастырылды. Ол жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар адами-патриоттық құндылықтарды ілгерілету және белсенді азаматтық көзқарасты ынталандыру. Қазір облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 125 волонтері бар.

СНХ: ЭЛЕОНОРА ДАЛАБАЕВА, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ВОЛОНТЁРІ: Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастырған жазғы мектебіне қатысқан болатынбыз. Ол жерде әртүрлі дәрістер болды, ойындар ойнатылды. Соның ішінде ең басты назар салатын нәрсе - біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әртүрлі жобалар ойлап таптық, сол жобаларды антикор өкілдеріне ұсындық.

РКС: Волонтёрлер түрлі салада жемқорлық тәуекелдерін ашыуға қатысты белсенді жұмыс жүргізіп, өз ұсыныстарын да енгізеді. Мәселен, мемлекеттік уәкілетті органның бірінде үлескерлердің қаржысын тартуға құқығы бар құрылыс компанияларының жария реестрі болғанын қалайды. Сонымен қатар заңсыздықтар анықталған компаниялардың да тізімі сол жерде тұрса дейді. Сол тұста адамдар қаржысын салуға бола ма жоқ па, ойланып барып қадам жасар еді дегенді алға тартып отыр.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ ВОЛОНТЁРІ: Көкшетауда OTAU CITY plus тұрғын үй кешені былтыр 45 пәтерлі баспананы қолданысқа беруі керек еді. Әлі күнге дейін тек қазығы ғана қадаулы тұр. Құқық қорғау органдары алаяқтық дерегін анықтаған жоқ. Енді үлескерлер не істеуі керек? Бұл мәселе біздің басты назарымызда.

РКС: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын жүзеге асыру аясында еріктілердің арызы бойынша түрлі деңгейдегі 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ әкімшілік 10 хаттама толтырылды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ