ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында жаңа мамандықтар, дағдылар мен біліктілікті арттыруға бағытталған кәсіптік даярлау бағдарламалары іске асырылуда. Биыл 456 адам оқудан өтті, оның 373-і жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жіберілді.
РКС : Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарының 168 өкілі қайтарымсыз грант алды. Олардың арасында жалғызбасты және көп балалы аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жандар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен қандастар бар. Бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 245 млн. теңге бөлінді.
СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бір отбасына, бір адамға 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі гранттар. Біздің облыста өз ісін ашып жатқан жақсы мысалдар бар. Бұл сома қажетті жабдықтарды сатып алуға жеткілікті. Егер ол наубайхана болса, онда арнайы пештер алынады. Мұндай мысалдар аз емес. Грант алған 168 адамның бәрі жұмысын істеп жатыр. Оны біздің қорытынды сараптамадан көруге болады.
РКС : Аймақта 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар, оның 3 мыңға жуығы бала. Азаматтардың осы санаты үшін оңалту қызметтері мен құралдарды жеткізушілерді өздігінен таңдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтер порталы жұмыс істейді. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі адамдардың 95 проценті бейімсіздік және оңалту бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.
СНХ: НҰРГҮЛ БЕКСҰЛТАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Төртінші жыл мүгедектігі бар адамдар оңалту құралдарына өз бетінше тапсырыс бере алады. Жеткізушілерді өздері таңдайды. Олар тауарларды үйге тікелей жеткізеді. Бұл ашықтық үшін, жеткізушілердің бәсекелестігі үшін ыңғайлы. Барлық баға Еңбек министрлігі бекітетін кепілдендірілген құн шеңберінде реттеледі.
РКС: Айта кету керек, биыл "Инватакси" қызметтерін облыстың 8 өңірінде 24 мыңға жуық адам пайдаланды. Әлеуметтік Кодекс шеңберінде келер жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар адамдардың қажеттілігін ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарының тізбесі кеңейтілмек. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 190 млн. теңге қайта бөлінді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ