ДИКТОР: Ақмола облысы бір оқушыға тамаққа бөлетін қаржы көлемінен еліміз бойынша 4-ші орында тұр. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың 8 мыңнан астам, сондай-ақ 56 мыңдай бастауыш сыныптың оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету – облыстық білім басқармасы жұмысының басты бағытының бірі. Келер жылдан бастап өңірде ыстық тамақпен қамтамасыз ету құны өседі. Тамақтың сапасын жақсарту үшін 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.
РКС: Биыл аймақтағы мектепке дейінгі білім беру саласында жаңадан екі мыңға жуық орын пайда болды. Келер жылы 3 балабақша салынады. Осылайша, тағы 840 бала тәлім ала алады. Әлеуметтік әлжуаз отбасылардан шыққан 10 мыңнан астам балабақша тәрбиеленушілері облыстық бюджет есебінен тамақтануда. Оған 1,8 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Мектептерде білім алудың қолайлы ортасын қамтамасыз етуге қатысты жұмыстар жалғасуда.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыста 10035 оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етілді. Биыл 20 мектеп автобус сатып алынды. Келер жылы тағы 9 алынады деп ждоспарлап отырмыз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 12 мың 200 орынға шақталған, барлық заманауи талаптарға сай келетін 9 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған еді. Оның алтауы Целиноград ауданында қолданысқа берілді. Қалғаны жақында аяқталады. Аталған жоба орын тапшылығын ғана жойып қоймайды, сонымен бірге ауыл мен қала арасындағы білім сапасы алшақтығын да қысқартады. Биыл облыстық бюджет қаржысына 1200 орындық мектеп салынды.
РКС: Биыл облыстың 126 мектебі бейінді министрліктің «мақсатты» тізіміне енді. Жоба аясында ақмолалық 400 педагог біліктілігін арттырды. Білім ошақтары заманауи жабдықтармен жарақтандырылуда. Биыл 100-ден астам нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық қазынадан 12 миллиард теңге бөлінді.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыста кешенді күрделі жөндеу мен жарақтандыруды талап ететін 90 мектепті қамтитын мектептерді жаңарту бойынша үш жылдық жоспар әзірленді.Тізімге 90 нысан енгізілді. Бұл жұмыс 2025-2027 жылдары жүзеге асырылады. Мектептерді заманауи каибенттермен және жадбықтармен қамтамасыз ету үшін биыл жаңа модификациядағы 51 кабинет алынды. Интерактивті 240 панель мен 1 мыңнан астам компьютермен де жарақтандырылды. Биыл облыстың 91 мектебінде «Әлеуметтік әмиян» жобасына шоғырландыруды қамтамасыз ететін аппаратты-бағдарламалық кешен орнатылды. Ол мектепке кіру және тамаққа төлем жасауға, оқу материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Келер жылы бұл кешен облыстық тағы 26 мектебінде жалғасады.
РКС: Облыстың техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде 29 колледж бар. Онда 20 мың студент білім алады. Білікті жұмысшы мамандарды дайындаудың маңыздылығы аталып өтілді. 2 мыңнан астам студент нақты кәсіпорындардың өтінімі бойынша мақсатты түрде оқытылуда. Келер жылы колледждер мемлекеттік тапсырыс бойынша 5700 талапкерді қабылдамақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.