ДИКТОР:Елімізде екі жылдан бері сайлау комиссиялары тұрақты кәсіби негізде жұмыс істеп келеді. Ақмола облысында құрамында 7 мүшесі бар аумақтық сайлау комиссиясы құрылды. Олардың қатарында комиссия төрағасы, орынбасары, хатшысы және төрт комиссия мүшесі бар. Басты міндет- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес сайлауды ұйымдастыру және өткізу.
РКС:Сайлаудың әділ өтуі үшін тәуелсіз бақылаушылардың рөлі орасан. Биыл 40-тан астам бақылаушы даярлықтан өтті. Оларға сайлау заңы мен ережелері туралы толық ақпараты бар үнпарақтар беріледі. Сайлау учаскелерінде олардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалады.
СНХ:АЛМА БЕКЕНТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін қамтамасыз ету үшін Ақмола облысында 10 қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйым аккредиттелген. Олардың жарғылық қызметінде облыс аумағындағы сайлауды бақылау құқығы жазылған. Елімізде бақылаушылар өз құқықтары мен міндеттерін білуі үшін екінші жыл қатарынан аккредиттелген бақылаушылар институты жұмыс істейді. Биыл Ақмола облыстық сайлау комиссиясы 47-ге жуық бақылаушыны оқытты. Олар өз кезегінде дауыс беру күні бақылаушы ретінде жұмыс істейтін өз әріптестерін каскадты әдіспен оқытады.
РКС: Мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға айырықша назар аударылады. Оларға арнайы құралдармен жабдықталған бұрыштар, құлақ аспаптары, Брайль қарпінде жазылған ақпарат, сурдоаудармашы, инватакси қызметі ұйымдастырылған. Сондай-ақ сайлау учаскелері пандуспен және дабыл тетігімен жабдықталған. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктерін барынша ескеруге мүмкіндік береді.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Биыл комиссия 9 науқан ұйымдастырып, өткізді. Оның ішінде 6 ауылдық округ әкімі, 57 қала, ауыл және поселке әкімдері сайланды. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының сайлауалды және ең ірі науқан - республикалық референдум өтті.
ГРАФИКА: БИЫЛ 9 НАУҚАН ӨТКІЗІЛДІ
6 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ
ДЕПУТАТТАРДЫҢ САЙЛАУАЛДЫ 2 НАУҚАНЫ
1 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
РКС: Өңірде сайлауға қатысушылардың саны өзгермелі. Зеренді ауданына қарасты Қанай би ауылында өткен соңғы сайлауда бұл көрсеткіш 96,8, ал Қараөткел ауылдық округінде 31,4 процентке тең болды. Дауыс берушілердің белсенділігін арттыру үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, баннерлер, толық ақпараты бар QR-кодтар және басқа да әдістер арқылы ақпараттық жұмыс таратылды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ