ДИКТОР: Кеше түнде Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында жан түршігерлік оқиға болды. Шаһардағы мектептердің бірінің 7-ші сынып оқушысы әкесін пышақтап өлтірді. Жан түршігерлік оқиға туралы Бұланды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жедел жәрдем фельдшері пышақ жарақатынан кісі өлімі болғаны туралы хабарлаған. Ішімдікке тойып алған 1977 жылғы әке мен 12 жастағы баласы арасында кикілжің басталған. Әкесі баласының басына бірнеше рет соққы береді. Жасөспірім әкесінің кеуде тұсына екі рет пышақ сұғып алады. Алған жарақаты мен көп қан жоғалтқан ер адам оқиға орнында жан тәсілім етті.

СНХ: ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ: Макинск қаласында болған кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.