ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов қала тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Алдымен аймақ басшысы өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Сондай-ақ алдағы жоспарлар мен өңірді дамытудың негізгі бағыттарын да атап өтті.

РКС: Кездесу барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов индустриалды сала, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік сала, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолдарға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Облыстың әр тұрғынының өмір сүру жағдайын жақсарту барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Сумен жабдықтауды дамыту үшін биыл облыс бойынша 34 миллиард теңге бөлінді. Елдімекендерді сапалы тіршілік нәрімен қамтамасыз ету 96 процентке жетті. Әлі 8 ауыл әлі күнге ауыз суды тасымалдап ішуге мәжбүр. Келер жылы бұл мәселені түбегейлі шешпекшіміз.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біраз ауылдарымыз қиыншылық көрді. Биыл Президенттің тапсырмасының арқасында осы 70 км жаңа водопровод салынды. Осы Қорғалжын, Егіндікөл бәрін сумен қамту үшін. Былтыр кездесуде осы жоба туралы айтқанмын салынып жатыр деп. Сол жоба міне іске асты. Қазан айында тапсырдық. Енді әрі қарай жұмыс жалғасын табады.

РКС: Қазір Көкшетауда су тазарту құрылғысының құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталуға жақын. Сүзгілерді тазарту, өзге де қосымша жұмыстары қалды. Жаңа технологиямен жұмыс істейтін мамандар оқытылып жатыр. Сондай-ақ қалада салынатын жылу-электр станциясының құрылысы да назардан тыс қалмады. «Самұрық-Энерго» Акционерлік Қоғамы жобасын іске асыру мақсатында «Көкшетау жылу электр станциясы» серіктестігі құрылды. 29 тамызда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысты Ресей компаниясымен келісім-шартқа қол қойылды.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Көкшетауда жылу-электр станциясын салуға қатысты жұмыс қыза түскен. 170 гектар жер телімі бөлінді. Келер жылы жазда мемлекеттік сараптама құжатын аламыз деп отырмыз. Ресей тарапы жылу-электр станциясын салады. Оларға 20 жылға субсидия беріледі. Бәсекелестік проценттік үстемесі рубльге шаққанда 7 процент.

РКС:Сондай-ақ аймақ басшысы Марат Ахметжанов өңірдің экономикалық дамуына да тоқталды. Инвестициялық әлеуетке ерекше назар аудару қажет,-деп атап өтті. Инвестиция тарту жергілікті атқарушы органдар үшін басым міндет болуы тиіс, себебі бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджет кірістерін ұлғайтуға, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге көмектеседі,-деді аймақ басшысы. Кездесу соңында өңірдің дамуына үлесін қосқан бірқатар азамат «Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл» төсбелгісімен және Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ көпбалалы 15 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ