ДИКТОР: Мемлекет басшысының әділет органдарының алдына қойған міндеттерінің бірі жастар мен ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға қатысты жұмысты жандандыру. Биыл облыстық әділет департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының арқасында өңірдегі 238 ауылдық округтің әкімдігінде құқық кабинеттері мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Бұл ауыл тұрғындарына заң тұрғысындағы мәселелер бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

РКС: Әділет департаменті қызметінің бір бағыты зияткерлік меншік құқығын қорғау. Биыл тауар таңбаларын заңсыз пайдалану фактісі бойынша 13 арыз келіп түсті.

СНХ: БАУКЕН ӘЛМЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл сала бойынша да үлкен жұмыстар атқарылуда. Себебі азаматтарымыз контрафакт заттарды қолданылады, брендтерді кәсіпкерлер заңсыз пайдалану фактілері орын алады. Сол осы жұмыстарды тоқтату бойынша Әділет Департаменті 8 кәсіпкерге қатысты қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізеді. Тексеру нәтижесінде белгілі брендтер бойынша, мысалы «StarLine», «Chanel», «Apple», «Узбечка» тауар таңбаларын біздің кәсіпкерлеріміз заңсыз қолданылғандары анықталды. Нәтижесінде 800 мың тенге кәсіпкерлерімізге айыппұл салынып, қазіргі таңда осы көлемде айыппұл салынды. Одан бөлек 47 бірлік контрафактілік өнім, 18 билборд заңсыз пайдаланылған барлығы тәркіленіп жою тәртібімен жойылды.

РКС: Биыл отандық тауар өндірушілердің өнімдерін брендтеуді дамытуға көп көңіл бөлінді. Олардың әлемдік нарықта танылуын, инвестициялық тартымдылығын арттыру және туристік саланы дамыту үшін белгілі бір тауардың географиялық көрсеткіші куәліктері берілді.

СНХ: БАУКЕН ӘЛМЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда 6 өнім бізде тіркелді. Мысалы біз нәтижелі жұмыстың арқасында Ақмола өнімдерін географиялық көрсеткіштер куәлік алған. «Көкшетау балмұздағы», «Көкшетау майы» бізде қазір «Гормолзаводтың» өнімдері географиялық нұсқама ретінде, бренд ретінде осы Ақмола өңірінің біз соны тіркеуге көмектестік. Бурабай ауданынан «Burabay baly», «Көкшетау сабыны», «Көкшетау қойыландырған сүті» және «Көкшетау тастары» тіркелді.

РКС: Облыстық Әділет Департаменті мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. 11 айда 1800-ге жуық қызмет көрсетілді. Қазір мемлекеттік қызметтердің көпшілігі электронды форматқа ауыстырылды. Олардың басым бөлігі толығымен автоматтандырылған, бұл олардың қызмет көрсету мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.