ДИКТОР: Көкшетау қаласында көп балалы ана Зулихан Остапенко жатақхананың 12 шаршы метр бөлмесін паналап отыр. Өзі көз жанарынан айырылған, бірінші топтағы мүгедек төрт баланың анасы баспанаға мұқтаж. Көпбалалы ана ретінде кезекте тұрғанымен, әзірге нәтиже жоқ. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Көпбалалы отбасы бірнеше жыл бойы тұрғын үй жағдайын жақсарта алмай жүр. Отбасы барлық құзырлы органның есігін қаққан. Бірақ, құрғақ уәдеден өзге, еш өзгеріс жоқ, -дейді.
СНХ: ЗУЛИХАН ОСТАПЕНКО, КӨП БАЛАЛЫ АНА: Біз басында Зеренді ауылында тұрдық. Онда менің денсаулығыма байланысты қаралатын дәрігерлердің жоқтығынан Көкшетауға көшуге мәжбүр болдық. Қалаға көшсек, баспана тезірек беріледі деп айтты көбі.
СНХ: ДУЛАТ ЖАХИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Иә, бұл отбасының жағдайын білеміз. Бұл отбасы тұрғын үй қатынастары туралы заңнамаға сәйкес кезек тәртібімен жергілікті атқарушы органдармен жалға берілетін тұрғын үй алады.
РКС: Қалаға көшіп келген бетте біреудің аядай шағын жер үйін жалдап тұрды. Волонтерлердің арқасында олар кейін жатақханадағы осы бөлмеге қоныстанды. Бірақ, бұл жерде төрт баламен тұрудың өзі айтпаса да түсінікті. Ешқандай жағдай жасалмаған. Балалардың сабақ оқитын, тіпті жуынатын да орны жоқ.
СНХ: ЗУЛИХАН ОСТАПЕНКО, КӨП БАЛАЛЫ АНА: Баспана мәселесі мен көзімнің көріп кетуіне жәрдемдессе екен деймін. Балаларымның келбетін көзіммен көргім келеді.
СНХ: НЕЛЛИ МУРКАЕВА, ВОЛОНТЕР: Бұл отбасының жағдайымен таныспын. Осыдан екі жыл бұрын «Ашық жүрек» қайырымдылық қорында жұмыс істедім. Сол кезде қаладағы барлық ұйымға көмек сұрап, хат жолдадық. Бірақ, бұл отбасының мәселесіне назар аударғандар табылмады. Әрине,біз өз тарапымыздан қолымыздан келгенше жәрдемдесіп жатырмыз. Киім-кешек, азық-түлік жеткізіп тұрамыз. Ең алдымен, сәл үлкенірек баспана болса дейміз. Көзіне қатысты айтсақ, Грузиядағы мамандардың кеңесіне жүгіндім, бірақ ешкім толық айығып кетуіне кепілдік бермейді. Бұл отбасына көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Әзірше үстел, орындықтар, диван, тоңазытқыш сатып алдық.
РКС: Зулихан Остапенко елордалық дәрігерлердің салғырттығынан жанарынан айырылған. Көру қабілетін ішінара қалпына келтіру үшін Түркияда операция жасауға 9 миллион теңге қажет.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.