ДИКТОР: Ерлі зайыптылар ажырасқан кезде ата-аналар арасында балаларына алимент төлемеу мәселесі жиі туындайды. Баланың заңды өкілінің бірі толық емес отбасын асырау үшін екіншісінен материалдық көмек талап етуге құқылы. Бүгінде кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ең қатаң мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
РКС: Ағымдағы жылы алимент төлеуден жалтарған 11 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Прокурорлардың араласуымен 83 миллион теңгеден аса алимент төлеу бойынша берешек өтеліп, 299 баланың мүддесі қорғалды.
СНХ: ШЕРХАН САБЫРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ: Облыс прокуратурасымен кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндіру бойынша атқару құжаттарына жүйелі түрде талдау жүргізіледі. Биыл жасы кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден аса алимент өндіру бойынша 12 мыңнан аса атқарушылық құжат өндірісте болды. 645 миллион теңгеден аса соманың, яғни 2 мың атқарушы құжат бойынша өндіріс аяқталды.
РКC: Жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 187 адам тартылды. олардың 106-сы қамауға алынса, 81 адамға айыппұл салынды.
СНХ: АЛИМЕНТ АЛУШЫ: Күйеуімен ажырасқан соң балаға ешқандай көмек көрсетпеді. Болашағымыз үшін уайымдап алимент өндіріп беру туралы сотқа арыз бердім. Сот шешімімен ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазір баланы асырауға қаржылай көмек көрсетуде.
РКC: Биыл 450-ден аса проблемалық іс қаралуда. 4,5 мыңға жуық азаматтың жалақысынан алименттік қарыз ұсталды. Міндеттемесін өз еркімен өтеп жатқандар да бар, олардың саны облыс бойынша 7 мыңнан асады.
СНХ: МЕДЕТ ЕДІРЫСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сот орындаушылары алимент өндіру бойынша барлық шараларды қабылдауда. кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін ақша өндірілді. Осылайша, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен, Ақмола облысының Әділет департаментімен, сондай-ақ облыстық прокуратурамен бірлесіп атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу шаралары қабылданды. Мәселен, биыл 34 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 121-ге жуық борышкер жұмысқа орналасты.
РКС: Тәркіленген мүлікті талап қоюшыларға беру арқылы 2,5 млн.теңгеден аса қаражат төленді. Медиация тәртібімен 65 млн.теңгеден аса қарыз өтелді. Проблемалық алименттердің болуының бірнеше себептері бар. Ол борышкерлердің жұмыс істемеуі, оларда өндіріп алуға болатын жылжымайтын немесе жалпы мүліктің жоқтығы, сондай-ақ ішкі істер органдарының төлемақы төлеушілердің тұрған жерін ұзақ уақыт бойы анықтамауы тағы басқалары.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.