ДИКТОР: Қарағанды қаласында бокстан Қазақ КСР-ының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарлығаповты еске алуға арналған бокстан ерлер және әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтуде.
РКС: Осынау байрақты бәсекеге Ақмола облысының құрама командасы да толық құрамда бірнеше кезеңде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, жақсы дайындықпен барды. Жарыстың бірінші күні 5 жерлесіміз шаршы алаңға шығып, алғашқы кездесулерін өткізді.
СТЭНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Шаршы алаңға бірінші болып 54 келі салмақта Тимур Қабдешов шықты.
ИНТЕРШУМ.
СНХ: ТИМУР ҚАБДЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ: Жарыстың бірінші күні шаршы алаңға шығу кез келген боксшыны қобалжытатыны шындық. Мен бұған дайын болдым. Бапкерлердің берген тапсырмаларын орындап, бүгін жеңдім. Алда бірнеше кездесу бар. Соған дайындаламын.
РКС: Танымал боксшы кезінде кубалық қарсыластарын қаймықпай жеңген жерлесіміз Руслан Мусиновтың кіші ұлы Шыңғыс шаршы алаңға шыққанда одан жеңіс күткеніміз шындық. Ол 3 раунд бойы қарсыласына қарсы жақсы тактика қолдана білді.
СНХ: ШЫҢҒЫС МУСИНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БОКСШЫСЫ: Ересектер арасындағы ел чемпионатына қатысу әр боксшының арманы. Мен бұл жарысқа өте тыңғылықты дайындалдым. Қарсыластардың осал еместігі белгілі. Бірінші күнгі жеңісті одан әрі жалғастырамын. Осы орайда жеке бапкерім Серікбай Біләловтің ақыл-кеңесін алуым қажет.
СНХ: СЕРІКБАЙ БІЛӘЛОВ, БАПКЕР: Биылғы чемпионаттың деңгейі өте биік. Сондықтан Ақмола облысының құрамасын бірнеше бапкер бірлесіп дайындадық. Жоғарғы спорттық шеберлік мектебінің директоры Аян Шөкенов әр жаттығуды жеке бақылауға алды. Барлық мүмкіндік жасады. Сондықтан менің шәкіртім Шыңғыс және өзге боксшылар облыс намысын лайықты қорғауға тиіс.
РКС: Қарағандыда жалауын көтерген бокстан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер чемпионатының әр күні тартысқа толы. Жеңістің биік тұғырына ең күштілердің жететініне сенімдімін,- дейді ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ