ДИКТОР:Степногорск қаласының қарттары «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінде арнайы әлеуметтік қызметтер алады. 23 азамат үшін жеке жұмыс жоспары құрылады. Онда олар сауықтыру шараларымен қатар психологиялық кеңес те алады.

РКС: Степногорск қаласында 12 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Олардың уақытын тиімді өткізу мақсатында «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі түрлі шара ұйымдастырады. Әзірге бұл жерге тек ақ жаулықтылар ғана келеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында орталық зейнет жасындағы 23 адамға ғана көмек көрсете алады. Дегенмен, бірлестіктің жоспары көп. Құрылтайшылар алдағы уақытта ұйымды кеңейтіп, қарттарды көбірек тартуға мүдделі.

СНХ:ФАРИДА ЕСЖАНОВА, «АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Олар бізде жартылай стационарда қызмет алады. ;имаратымыз шағын ғана. Келер жылдың басында облыс, қала әкімдерінің қолдауымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде ғимарат кеңірек болады. Сол тұста адамдарды да көбірек қабылдауға мүмкіндік ұлғаяды.

РКС: Егде жастағы адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін 18 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Орталыққа келушілер дәрігер, психолог, фитнес –жаттықтырушылардың көмегіне жүгіне алады.

СНХ:НАТАЛЬЯ КОНСУР, ФИТНЕС-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Әр әжеге ерекше көңіл бөлу қажет. Жаттығу кезінде олардың қозғалыстарына мұқият назар аудару маңызды, бастысы денсаулығына зиян келтіріп алмау керек. Қазір жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз, буын, арқа, аяққа арналған жаттығулармен қатар, нейрожаттығумен де айналысамыз.

РКС: Қазір ұйымға келетіндерді «Әжелер тобы» деп атайды. Зейнеткерлер Степногорск қаласының атаулы және мерекелік күндеріне арналған шараларына белсене қатысады. Орталыққа келгелі олардың өздерінің жан-дүниесін түсінетін жақын жандарымен танысқан. Күн айын қалаған уақытында әжелер іс тігіп, қолөнермен айналысады, шахмат ойнайды. Бір-бірімен әңгіме-дүкен құрып, тіпті туған күндерін де атап өтеді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ