ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысында газ баллондарын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан жазатайым 3 оқиға тіркелген. Өрт пен тұрмыстық баллондар жарылуының алдын алу мақсатында Степногорск қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрмыстық газ адамөміріне және қоршаған ортаға елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан газ баллондарын қолдану және өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау маңызды. Мамандар қоғамдық тамақтандыру нысандарының иелері, жатақханалар мен жекеменшік үй тұрғындары арасында газ баллондарын пайдалану ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

СНХ:МАДИЯР БАЙМҰХАМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Степногорск қаласының төтенше жағдайлар басқармасы газ аспаптарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салады. Бұл суықтан енгізілген баллонды бірден қосуға болмайды. Газдың шығуын тексеру үшін ашық отты пайдалануға болмайды. Қосулы тұрған құрылғыларды қараусыз қалдыруға болмайды және балаларға газ аспаптарын пайдалануға жол беруге болмайды.

ОТВОДКА: Айта кетейік, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау оқыс оқиғаның алдын алып, төтенше жағдайларды болдырмайды. Өрт шыққан жағдайда 101, 112 құтқару қызметтеріне дереу хабарлау керек.