ДИКТОР: Көкшетауда "Агроөнеркәсіп кешенінің және қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері: сын-тегеуріндер мен перспективалар" атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Өңір ғалымдары бас қосқан жиын биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері Әбілжан Тоқанұлы Құсайыновтың 75 жылдығына орайластырылған.

РКС: Бар ғұмырын ғылымға арнап келе жатқан Әбілжан Құсайынов әлі де сапта. Белгілі ғалым, академик еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын тереңнен зерттеген білікті маман. Ғылыми еңбектері мен тәжірибелерін агроөнеркәсіп саласына барынша қолдануда. Ғалымның мерейтойына "Ауыл" партиясының өкілдері арнайы келді.

СНХ: ТӨЛЕУТАЙ РАҚЫМБЕКОВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Ерекше сыйлаймын ғалым ретінде, саяси қайраткер ретінде. Ерекше айта кету керек "Ауыл" партиясының осы Ақмола облысындағы филиасының төрағасы боп біраз жұмыс істеді. Ол кезде енді қиыншылықтарда болатын. Ащы, тұзшысын бәрін көрді. Сол кісілердің арқасында бүгін "Ауыл" партиясы жақсы жетістіктерге, жеңістерге жетіп отыр. Әбеке, 75 жас деген ғалым үшін, академик үшін бұл әлі жас. Бұл творчествалық жолдағы ең басы ғана. Әлі халыққа, қоғамға беретіні көп.

РКС: Конференцияда ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне қатысты 50-ден астам баяндама таныстырылды. Ғалымдар қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығындағы инновациялар, агрохимия саласындағы заманауи жетістіктер сынды өзекті тақырыптарды қозғады.

СНХ: ЕРНАР ЖӘРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мұндай шараға қатысу мен үшін үлкен құрмет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап айтқандай, агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Бұған, бизнесте мемлекетке мүдделі. Бұл үшін агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру бойынша беллсенді жұмысты жалғастыру, ауылшаруалық ғылымын дамыту, озық технологияларды кеңінен енгізу қажет.

РКС: Конференция барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов мерейтой иесіне аймақ басшысының ыстық ықыласын жеткізді.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ