ДИКТОР:Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім әлеуметтік маңызы бар салаларға 6 сыртқы сараптама және 4 мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін атқарушы органдарға 56 ұсыным берілді.

 РКС:Облыс бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдер картасына агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, экология, жол мәселелері, инфрақұрылым, әлеуметтік сала, бизнес, тұрғын үй, сондай-ақ проблемалық құрылыс нысандары кіреді. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген сыртқы сараптама нәтижесінде субсидияны кезектен тыс берудің заңсыз деректері анықталған.

СНХ: АСХАТ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Ауыл шаруашылығы саласына жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша ұсынымдарды орындау аясында облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментімен бірлесе отырып қабылданған шаралардың нәтижесінде 300-дей шаруаның құқығы қалпына келтірілді. Мұның бәрі субсидия алуға байланысты өтінімді қайта беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыным беру жолымен шешілді. Осылайша 600 млн теңгеден астам сомаға субсидия алуға өтінім қайтадан берілді.

РКС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өткен жылдың қаңтарынан бастап «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Аталмыш жоба аясында кәсіпкерлерге нақты мәселелер бойынша практикалық көмек көрсетіледі.

СНХ: АСХАТ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жоба аясында бизнестің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою арқылы кәсіпкерлердің құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. Биыл 616 кәсіпкердің құқығы қорғалды. 8 лауазымды тұлға жазаланды. Бұдан бөлек, бизнесті қорғау аясында Біржан Сал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 173-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотта қаралып, лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

РКС:Сондай-ақ брифинг барысында автожол, білім беру салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы да айтылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және оны анықтауға бағытталған мониторинг жүргізумен қатар, жастар арасында түрлі шаралар өткізіледі. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «AntiParaCraft-2024» бірінші республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойыны, «Халық заңгері» акциясы, «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» клубтарының слеттері өткізіліп келеді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ