ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 1962 жылы педагогикалық институт болып құрылды. Сол жылдан бері білікті мамандар даярлап келеді. Биыл оқу орнының алғашқы түлектері 60 жылдан соң кездесті. Мерейтойлық кездесу университет қабырғасында өтті.

РКС: Салтанатты шараға физика-математика маманы болуды армандаған, педагогикалық институтқа оқуға түскен қыз-жігіттер жиналды. Бүгінде олар түрлі қызметте еңбек етіп жүр. Солардың бірі облыс орталығында №6 мектеп-лицейінің директоры Гүлнәр Әбдіқасымова.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘБДІҚАСЫМОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мен өзім физика-математика факультетін 1986 жылы бітірдім. Мен осы университеттің, осы факультеттің түлегі болғаныма мақтан тұтамын. Өйткені, математика, физика пәндерін оқыту – үлкен сенім, зор құрмет деп білемін. Бүгін бізге құнды білім берген ұстаздарымды және кураторымды көріп қуандым. Факультетімізге, университетімізге береке тілеймін және әлемдік деңгейге жететінг саналы студенттерді.

РКС: Бүгінде бір-бір маман иесі атанған түлектермен жоғары оқу орны тығыз қарым-қатынаста.

СНХ: АҚБОТА БЕКСЕЙІТОВА, КӨКШЕТАУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 60 жылдардан бастап физика-математика факультетінде 4 мыңнан астам студент білім алып еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде Үкіметтік ұйымдарда жұмыс істейтін, қоғамдық ұйымдарда жұмыс істейтін, мектептің қаьырғаларында жұмыс істейтін тұлектердің көпшілігі осы университеттің түлектері. Сол түлектерімізбен мақтанамыз, марқаямыз. Яғни, олармен тығыз байланыс жүргіземіз.

РКС: Университет ректоры Марат Сырлыбаев жетістіктері мен игі істері өңірге, республикаға белгілі түлектерге Алғыс хат табыс етті.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ