ДИКТОР: "Көкшетау Энерго" серіктестігінің 2 мыңға жуық маманы 160 мыңнан астам абонентті сапалы, әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіліп келеді. 22-ші желтоқсан - Энергетиктер күні. Осы орайда, Көкшетауда осы сала мамандарының құрметіне салтанатты шара өтті. Мереке қарсаңында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов аталған салада тер төгіп жүрген үздіктерді марапаттады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Наталья Ушакова 1977 жылы Алматы қаласындағы Энергетика институтын тәмамдап, бірден "Көкшетау Энерго" серіктестігіне жұмысқа орналасты. Содан бері өмірінің жарты ғасырын осы салаға арнап келеді. Бүгінде ол диспетчерлік орталықтың жетекші маманы. Аталған салада 47 жыл еңбек етіп келе жатқан Наталья Ушакова "Құрмет" орденімен марапатталды.
СНХ: НАТАЛЬЯ УШАКОВА, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ: Осындай жоғары наградамен марапаттап жатқанына қуаныштымын. Бір жағынан қысылып та тұрмын. Өйткені, бұл марапатқа менен де лайықты әріптестерім бар. Бірінші кезекте электр желілерінің монтаждаушылары, тікелей жоғары кернеулі тоқпен жұмыс істейтін мамандар марапатқа ие болуы керек деп есептеймін.Электр желілерімен жұмыс істеу аса қауіпті. Біздің қызметкерлер тіпті су тасқыны кезінде балтырына дейін сыз кешіп жүріп жұмыс істеді. Жеке аймақтарды үздіксіз электр желісімен қамтамасыз етті. Осындай еңбегі зор жандар да кез келген құрметке лайықты. Бүгінгі марапатым үшін алғысым шексіз. Серіктестігіміздің дамуына одан әрі үлес қосуға дайынмын.
РКС: Барлық заманауи талаптарға сай жаңа техника компанияның сапалы жұмысы үшін аса қажет. Сондықтан, Біржан сал ауданы мен Степногорск қаласына 2 манипулятор көлігі сатып алынды. Сондай-ақ, бір көлік Солтүстік Қазақстан өңіріне қарасты Ақжар ауданына берілді. Алдағы уақытта тағы 7 жаңа техника сатып алынбақ.
СНХ: ДОСЫМХАН АРАЛБАЕВ, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Екі жылдан бері мекемемізде жаңғырту жұмыстары қарқынды жүрзіліп жатыр. Біз мемлекет пен халық қойған барлық міндет пен талапты орындадық деп айта аламын. Бүгінде 2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына абыроймен қадам бастық.
РКС: Марапаттау соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ