ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысында пиротехникалық заттарды сатуға байланысты 15 заңсыздық тіркелген. Оның ішінде түрлі отшашулар да бар. Бұл келеңсіздіктер пиротехниканы сату саласындағы заңдылықты сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Әсіресе мұндай бұйымдарға мереке қарсаңында сұраныс артады.

РКС: Арнайы сертификаты жоқ пиротехникалық бұйымдарды сатумен байланысты негізгі заңсыздықтар ең алдымен тұтынушылардың қауіпсіздігін қатерге тігеді. Бұдан бөлек, кейбір сатушылардың қызметтің бұл түрімен айналысуына рұқсат беретін лицензиясы жоқ. Ол құқық бұзушылыққа жатады.

ИНТЕРШУМ: Можете обратить внимание, у вас уже одно нарушение имеется, щит электрического прибора не закрыт, надо будет закрыть. Доведите до своего руководства, и первичные средства пожаротушения. – Да, есть сзади.

РКС: Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен тәртіп сақшылары, сонымен бірге облыстық жергілікті атқарушы билік органдары осындай бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Олар азаматтарға жаңажылдық түрлі пиротехниканы тек лицензиясы бар сатушылардан ғана алу қажеттігін ескертеді. Өйткені, мереке кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрі қайғылы оқиғалардың алдын алу маңызды.

СНХ: ЕРЖАН ҒАББАС, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні 60 астам рейдтік іс-шаралар жүргізді. Оның ішінде сатушыларға 15-тен астам хаттама толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылыктың барлык саны 500 мыңға жуық. Бүгінгі күні барлық жұмыстар жалғасады.