ДИКТОР: Биыл облыста қоршаған ортаны ластайтын шығарындылардың мөлшері 438 тоннаға азайды. Көмілген қалдықтар 92 миллион тоннаға кеміген. Облыстық экология департаменті нақты эмиссиялар өсуінің алдын алу және жоюға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер тарапынан бірқатар бұзушылыққа жол берілгені анықталды.

РКС: Жыл сайын өңірдегі кәсіпорындар қоршаған ортаға келтірген кері әсері үшін салық төлейді. Мәселен, былтыр эмиссиялар үшін төлем 4 миллиард теңгеден асты.

СНХ: МАҒЗҰМ КҮКІМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бақылау қызметінен түскен барлық айыппұл облыс қазынасына түседі. Бұдан бөлек, барлық салық та жергілікті жерде қалады. Іс-шаралар жоспарының Типтік тізімдемесі бар. Мысалы, полигондарға келсек, оны заңдастыруға немесе салуға, сондай-ақ көгалдандыру бөлігінде де біраз қаражат бөлінеді. Бұл іс-шаралар табысты жүзеге асырылуда.

РКС: Экология департаменті осы уақытқа дейін 59 кәсіпкерлік субъектісін тексерді. Оның қорытындысы бойынша 112 заңсыз әрекет анықталды. Оны реттеуге қатысты 58 ұйғарым берілді. Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 125 хаттама толтырылды. Әкімшілік 15 іс сот органдарының қарауына жіберілді. Қазір ерікті түрде 68 млн. теңге өндірілді.

СНХ: МАҒЗҰМ КҮКІМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Биыл сот шешімімен 6 кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. Ерейментау ауданы тұрғындарының "Тау Голд Копер "БК" серіктестігі субъектісіне қатысты шағымдарының негізінде тексеру кезінде рұқсат құжаттары жоқ шахталық суларды жергілікті жердің рельефіне ағызғаны анықталды.

РКС: Биыл облыс аумағында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының ғарыштық түсірілімдерін пайдалана отырып, жауапты сала мамандары рұқсат етілмеген қалдық төгетін 535 орынды анықтады. Аудан әкімдіктері рұқсат етілмеген 432 қоқыс үйіндісін жойды.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.