ДИКТОР: Ақмола облысының аумағында 532 білім ошағы бар. Соның бірі Степногорск қаласында орналасқан облыстық мамандандырылған №4 «Болашақ» мектеп-лицей-интернаты. Аталған оқу орнына балалар 7-ші сыныптан бастап конкурстық негізде қабылданады. Қазір жүзден оза шапқан 174 бала білім алып жатыр. Оның басым бөлігі ауыл балалары.

РКС: Облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 2006-шы жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мектеп екі тілде білім береді. 5 қазақ және осынша орыс сыныбы бар. Барлық оқушы жатақханамен және тегін тамақпен қамтылған.

СНХ: ГҮЛШИРА ТҰРҒАНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №4 «БОЛАШАҚ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Балалар жатақханада тұрады. Тәрбиешілермен, олардың көмекшілерімен тығыз байланыста. Күндіз тәрбиешілер балалармен жұмыс істейді, түрлі шаралар өткізеді. Үй жұмысын орындайды. Ал тәрбиешілердің көмекшілері түнгі уақытта балалардың тыныштығын қамтамасыз етуге үлес қосады. Түнгі уақытта кез келген уақытта көмекке келеді. Олар таңға дейін балаларды қараусыз қалдырмайды.

РСК:Балаларға 32 мұғалім тәлім-тәрбие береді. Әрқайсысы оқушының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. 40 жылға жуық еңбек өтілі бар Үмітжан Еңсебаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Көп жылғы еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленді.

СНХ: ҮМІТЖАН ЕҢСЕБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №4 «БОЛАШАҚ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Осы мектептің ерекшелігіне тоқтайтын болсам, басқа мектептермен салыстырғанда бұл мамандандырылған мектеп. Бұл мектепте балалар 5 күн білім алады. Өте терең білім алады, факультативтердің өздері де сабақ сияқты өтеді. Менің оқушыларым облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегерлері. Менің еңбегімді ұжымым жоғары бағалап, осындай марапатқа ие болдым.

РКС: Бұдан бөлек, білім ошағында мектеп парламенті жұмыс істейді. Ол ең алдымен ұстаз бен оқушының арасын байланыстыратын алтын көпір іспетті. Оның қызметі жаңа тәлімгерлердің жайлы бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп президенті аталған парламент ұжымда достық қарым-қатынасты нығайтуға зор ықпал ететінін айтады.

СНХ: ЖАНАЙЫМ ҚАБДОЛЛА, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН №4 «БОЛАШАҚ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Әр парламент мүшесі мектептегі өмірді қызықты етуге жақсы есте қалатындай етуге септігін тигізеді. Парламент мүшелері осы орайда өте үлкен жұмыс атқарады. Парламент мүшесі 8 адамнан тұрады, яғна 8 фракциядан. Әр оқушы өзінің міндетін біледі, өзінің бағытына тиімді жұмыс атқарады. Әр айына, әр аптасынан өзінің жоспарын құрып, сол бағытта жұмыс жасайды. Әр сыныппен, әр оқушымен пікір алмасады. Қазіргі таңда трендте болып жатқан идеяларды ұстануға, соларды қолдануға тырысамыз.

РКС: Айта кету керек, мектепте жайлы және сапалы білім алуға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Оқу кабинеттері заманауи технологиямен жарақтандырылған. Балалардың жан-жақты дамуын көздейтін түрлі үйірме мен секциялар жұмыс істеп тұр. Олардың арасында шахматтан, футбол мен волейболдан спорт секциялары, пікірсайыс клубын ерекше атап өтуге болады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ