ДИКТОР: Степногорскіде халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Жыл басынан бері 4 мыңға жуық тұрғын шаһардағы мансап орталығына барып, жұмысқа орналастыру туралы өтініш білдірген. Бұл ретте ең алдымен жұмыссыздарды, зейнет жасына жақындап қалғандар мен жастарды еңбекпен қамтуға басымдық беріледі. Бұдан бөлек, жеке ісін ашам деушілерге қолдау көрсетіледі. 34 тұрғын «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеру курсынан өткен.

РКС: Жыл басынан бері Степногорскідегі мансап орталығы 1800-ге жуық адамды жұмысқа орналастырды. «Жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім-шарты», «Күміс жас» сынды бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. 12 аспазшы мен 10 электромонтер қысқамерзімді кәсіби оқытудан өтті. 50-ден астам адам қоғамдық жұмысқа, 60-қа жуық азамат жастар практикасына жіберілді.

СНХ: РАУШАН НҰРШАБАЕВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Жастар практикасына жеке кәсіпорындарға, сонымен бірге қалалық әкімшіліктің жеке бөлімдеріне орналасады. Оқуларын бітірген соң жастар біздің көмегімізге жүгінеді. Сондай-ақ жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша біз оларды жастар практикасынан өтуге жіберіп отырамыз. Негізінен осы қаланың ішіндегі кәсіпорындар. Бос вакансияларға да өтінімдер қалдырады. «Еңбек» порталында жарияланып отырады. Жұмыссыздар бізге келеді, сосын біз оларға әңгімелесуден өту үшін жолдама береміз. Егер одан сәтті өтіп жатса, кейін тұрақты жұмысқа орналасу үшін жолдама беріледі.

РКС: Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбкке орналастыруға ерекше басымдық беріледі. Бұл бағытта 40-тан астам степногорлық тұрақты және жұмыспен қамтудың өзге де белсенді түріне орналастырылды. Шаһарда 2,5 мың жаңа жұмыс орны құрылса, соның дені тұрақты еңбекпен қамтылған. Жұмыссыздықтың жалпы үлесі 4 процентке тең. Бұл аймақ бойынша орташа көрсеткіштен төмен.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.