ДИКТОР: Биыл Қазақстан темір жолы 120 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған байланысты сала қызметкерлері арасында "Үлесіңді қос" зияткерлік ойыны өтті. Филиалдардың құрылымдық бөлімшелерінің командалары жұмысты жақсартуға қатысты ұсыныстарын қорғады.
РКС: Үздік атану үшін 9 команда өзара бақ сынасты. Оларды құзыретті қазылар алқасы бағалады. Ақмола филиалы үздіктердің қатарында.
СНХ: МЕЙРАМГҮЛ АХМЕТОВА, «ҚТЖ-ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» СЕРІКТЕСТІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ: Осындай бағдарламалардың бастауы сіздерге үлкен мотивация беруге үлкен үлесін қосады. Осы Ақмола бөлімшесін атап айтқанда барлық Қазақстандағы бөлімшелерге қарағанда алда келе жатыр. Өйткені, керемет бағдарламар жүргізілуде.
РКС: Зияткерлік ойын ұжымдағы өзара сыйластық пен достықты арттыруға және тапсырмалардың шарттарын саралауға бағытталған. Әр командаға өз жобасын қорғауға 5-7 минут уақыт бөлінді.
СНХ: АРТЕМ БУГРЕЕВ, КУРОРТ-БУРАБАЙ ЛОКОМОТИВ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫНЫҢ СЕКТОР БАСТЫҒЫ: Ойыннан керемет әсер алдым. Бәріміз ойынның алдында қатты қобалжыдық. Еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек қауіпсіздігі бойынша көптеген ұсыныстар айтылды және олар назарға алынды.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды «Авангард науки и техники» командасы иеленді. Құрметті екінші орын «Случайным пассажирам» құрамасына берілсе, ал үздік үштікті Жалтыр учаскесінің «Молния» командасы түйіндеді. Қатысушылар дипломдармен және тауарлы сертификаттармен марапатталды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.