ДИКТОР: Биыл Ақмола облысы бойынша әр орманшы 500 келіден қарағай бүршігін жинап, тапсыруы керек. Оның ішінде шіріген, не ашылып қалған, кілегейі шыққан жарамсыз қарағай тұқымы болмауы шарт. Аяз, боранда, қалың қарда жүріп, сапалы тұқым теру оңай шаруа емес. Мұның бәрі орман қорын көбейтуге бағытталған жұмыстың бір парасы.
ИНТЕРШУМ:
РКС:Қайрат Жанұзақұлы 34 жылдан бері орман шаруашылығында қызмет етеді.Жалпы Еңбек өтілі 1 ғасырға жуықтайтын орманшылар династиясының өкілі. Жауапты саладағы мамандар қазір қарағай бүрін теріп жатыр. Ағаш бүршігін аз жарған жылдары әр орманшы шамамен 100 келі бүр жинап тапсырады.
СНХ: ҚАЙРАТ ҚАСИМҰРАТОВ, ОРМАНШЫ: Биыл тұқым бар деп 500 кг беріп тұр. Соны теріп жатырмыз міне. Оңай емес суықта шығамыз. Ағаштарды сындырмау үшін ілгіш істейміз де, ілгішпен тартып алып тереміз. Шыршаны сындырмау керек.
СНХ: ЕРЛАН ШОПАЕВ, "БҰҚПА" ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ: Мысалы мынадай биік ағаштардан теру өте қиын. Бойлары қай жерге дейін жетеді солай тереді. Отырғызғаннан кейін инвентаризация дейді күздігүні өткіземіз. Приживаемостын қарап, неше процент жерсінді көреміз.
РКС: Ал Уәлихан Омаровбүгінге дейін 450 келі бүршік жинаған. Күн сайын жұмыстан кейін қаптағы қарағай бүрлерін қоқыстан тазартып, тапсыруға дайындайды.
ИНТЕРШУМ: Міне мынадай әдіспен тазартамыз.
СНХ: УӘЛИХАН ОМАРОВ, ОРМАНШЫ: Жинап қойдық міне, таза. Ертең Алла жазса апарып тапсырамын. Біздің жылдық жоспарымыз 5 центнер, 500 кг ғой әр лесникке жылдық нормасы. Шіріген биыл көп, былтыр болған жоқ. Бір жылы болады, бір жылы болмайды.Былтыр шишка шықпаған, екі жылдың нормасы ғой бұл.
РКС: Жиналған қарағай бүрлерінің ішінен тұқымды сұрыптап алу оңай емес. Оны арнайы құрылғыда кептіріп, одан соң зерттеуге жібереді.орман шаруашылығына қарасты еліміздегі жалғыз ғылыми-зерттеу институты Бурабай өңірінде орналасқан. Онда сирек кездесетін ағаш тұқымдары көбейтіледі. Ал бүршіктің ішіндегі дәнді алу үшін қыздырып, оның ашылуын күтеді. Содан кейін ғана тұқымның сапасы анықталады. Жарамды болса тұқым орман тәлімбағына егіледі.
СНХ: ОРЫНБАСАР НҰҒЫМАНОВ, ҚЫПШАҚ ОРМАН БАҒЫНЫҢ АҒА ОРМАНШЫСЫ: Көктемде күзде бұларды қаланың шетіне егеміз. 200 мың штук қарағай выкопка жасап, осы питомниктан алып қаланың ішіне отырғыздық.
РКС:Шырша ағашы бір жылда шамамен 10 сантиметр ғана өседі. 200жыл тіршілік ететін қылқан жапырақтылар табиғи жолмен яғни, өздері тұқым шашса жақсы өседі. Ал қолдан өсірілген қарағай көшетінің бәрі бірдей жерсініп кетпейді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ