ДИКТОР: Мемлекеттік рәміздер күніне орай тағы бір ерекше шара өтті. «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филлиалы мен өңірлік төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп флешмоб ұйымдастырды.

ИНТЕРШУМ:

ДИКТОР: Мектеп оқушыларынан және жастардан жасақталған бишілердің үстіне киген өрт сөндірушінің арнайы киімі көздің жауын алады. Әдемі көрініс. Флагшток алаңында акцияға қатысушылар қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеновтің жаңа әнінің сүйемелдеуімен трендтік биді орындады. Музыкалық шығарманың таңдауы ұлттық мақтаныш рухын және жастардың патриоттық сезімдерін заманауи әрі креативті түрде жеткізуге ұмтылысын айқын көрсетті.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Бұл шара жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін және Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздеріне құрметін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Біздің тараптан мұндай тәрбиелік мәні бар шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады.