ДИКТОР: 2007 жылдың 4-ші маусымында елімізде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Оған сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибутының бірі. «Менің Қазақстаным» әніне негізделген әнұран 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. Биыл егемендігіміздің нышанына айналған қасиетті символдарға 33 жыл. Айтулы күнге орай ел аумағында бірқатар іс-шара жоспарланған. Кеше Көкшетаудағы орталық саябақта мемлекеттік рәміздерге қатысты ерекше акция ұйымдастырылды.
РКС: Көкшетаудың орталық саябағында ұйымдастырылған «Ашық микрофон» акциясына қала тұрғындары белсене қатысты. Мемлекеттік рәміздерге құрметін білдіріп, Әнұранды орындады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ЕВГЕНИЙ КЛИВЦОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жай өтіп бара жатыр едік, мұнда күшті бір челлендж өтіп жатыр екен. Әнұранын айт деп. Неге айтпасқа. Әрине айттық. Негізі мұндай челленджтер көп болғаны оңды ғой. Қазақстанда тұрып жатқан кісілердің патриотизмін оятады. Негізі күшті. Осындай іс-шаралар көп болса күшті болады.
РКС: Патриоттық акцияға әсіресе жастар қызығушылық танытты. Шаһардың кішкентай тұрғындары да Әнұранды орындап, жиналған қауымды қуанышқа кенелтті.
СНХ: МАРЖАН МУСКИНА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жастар қанаты осындай ерекше акция ұйымдастыруды жоспарлап, міне бүгін оны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі мемлекеттік рәміздерді насихаттау үшін жасалып отырған дүние. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі өткізбекшіміз. Өйткені бүгінгі акция барысында жастардың мемлекеттік рәмізге деген құрметін, қызығушылығын байқадық. Сондықтан бұлл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз.
РКС: Мұндай іс-шаралар жерлестеріміздің патриоттық сезімдерін қалыптастыруға. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етпек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.