ДИКТОР: Ақмола облысы республикада алғашқылардың бірі болып егіс науқанын аяқтады. Дән сіңіру жұмыстарын диқандар небары 19 күнде толық бітірді. Ауа-райы да қолайлы болып, жұмыстың нәтижелі аяқталуына сеп болды. Ал былтыр осы уақытта алқаптың 60 проценті ғана егілген болатын.
РКС: Облыстағы жалпы егіс көлемі 5,5 миллион гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 мың гектарға артық. Дала жұмыстарына заманауи кешендерді қосқанда 37 мыңнан аса техника жұмылдырылды. Биыл егіс науқаны ғылыми мекемелер мен ауыл шаруашылығы мамандарының белсенді араласуының арқасында ерекше сипат алды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биылғы егіннің ерекшелігі – біз ғылыми зерттеуге де көңіл бөлдік. Бараев институты, тәжірисі мол ауыл шаруашылық адамдарын, агрономдарын тартып, агрокеңес құрдық, телеканал құрдық. Сол жерде күнделік осындай қандай сортты егу керек, қандай тыңайтқыш салу керек, қалай жырту керек жерді, сондай-сондай кеңес алып отырдық. Өйткені, біраз ауыл шаруашылықтары тәжірибесі жоқ адамдар болды. Күні бойы 24 сағат әрбір ауданға кеңес-көмектерін көрсетіп отырды.
РКС: Егіс алқаптарының құрылымы стратегиялық маңызы бар дақылдардың тұрақты өсуін көрсетеді. Осылайша, дәнді және бұршақ дақылдары 4,6 млн гектар жерге сіңірілді. Майлы дақылдардың егіс көлемі 430 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, мал азығы, көкөністер мен картоп алқаптары кеңейтілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көктемгі дала жұмыстарының ойдағыдай өтуіне мемлекеттік қолдаудың маңыздылығы зор. 778 шаруа қожалығы жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден аса қаржыны несие ретінде алды. Сондай-ақ, 76 мың тонна дизельдік отын жеңілдетілген бағамен берілді.
СНХ: ВИТАЛИЙ ГОНЧАРОВ, «VIKТOROVSKOYE» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз екінші жыл қатарынан «Кең дала» бағдарламасына қатысудамыз. Биыл миллиард теңгеге жуық қаржы алдық. Біз оны гербицидтер сатып алуға, тұқым жаңартуға, жалақы төлеуге, қосалқы бөлшектер сатып алуға пайдаландық, бұл бізге үлкен көмек болды. Мемлекеттің қолдауының арқасында алқапқа дер кезінде шығып, субсидияланған дизель отынын уақытылы алып, егіс науқанын аяқтадық.
РКС: Енді шаруалар қорғаныс шаралары және элеваторлардың дайындығын қамтамасыз ету керек. Еске салайық, өткен жылы облыс диқандары 6,5 миллион тоннадан аса астық жинап, жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Ол жетістікке де ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, озық технологияларды енгізу мен дер кезінде мемлекеттік қолдау көрсетудің арқасында мүмкін болды, - дейді сала мамандары.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ЖАНАР МҰКЫШЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ.