ДИКТОР: Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыс аумағында 130-дан астам іс-шара өткізілді. Еліміз бойынша патриоттық тәрбие беру аясында тақырыптық кездесулер ұйымдастырылуда. Бастауыш сынып оқушыларына мемлекеттік рәміздер күніне арналған квест ойындар мен челлендждер ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – еліміздің нышандарына құрметпен қарауды қалыптастыру.
РКС: Оқушылардың мемлекеттік рәміздермен танысуы балғын шағынан басталады. Бұл жерде балалар Туды, Елтаңба мен Әнұранды еске сақтаумен қатар, елдің тарихы, мәдениеті мен құндылықтары бейнеленген терең мағынасын да сезінеді. Нышандармен жүйелі әрі біртіндеп танысуға бағытталған мектеп бағдарламасы азаматтық жауапкершілікті дамытуға және Отанға деген құрметке тәрбиелеуге ықпал етеді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СҰЛТАН ҚАБДУӘЛИ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Біздің мемлекеттік рәміздерді Қазақстанның балалары балабақшадан бастап үйренеді. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз туралы сол жерде ақпарат беріледі. Әрі қарай ол білімдері мектептерде жалғасады. Біздің Әнұранымыздың авторларын үйретеді ол жерде.
СНХ: ЖАНСҰЛУ МЕРЕКЕЕВА, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Туымызда күннің көзі, қыран және ою өрнектелген. Күннің көзі біздің аспанымыздың ашық екенін, достыққа қашан да берік екенімізді білдіреді. Қыран – тұғыры биік ел екенімізді көрсетеді.
РКС: Ту, Елтаңба мен Әнұран Қазақстан азаматтарын біріктіретін және оның мемлекеттік бірегейлігін бейнелейтін үш нышан. Ұлттық атрибуттар ол тек абырой ғана емес, үлкен жауапкершілікті де жүктейді. Сыртқы келбетінде елдің ішкі құндылығы жатыр,-дейді тұрғындар.
СНХ: ЕВГЕНИЙ МАКСИМЕНКО, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Мемлекеттік рәміздерге құрмет – ол елге құрмет, әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі. Мемлекеттің тұтастығына, оның заңдары мен үйлесімді дамуына деген құрметті көрсету деп түсінген абзал. Егер біз құқықтық мемлекетті қалыптастыратын болсақ, онда мемлекеттік рәміздерге қарсы заңсыздықтарға бармай, нышандарға деген құрметімізді арттыруымыз керек.
РКС: Айта кетейік, мемлекеттік рәміздерді заңсыз пайдалануға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл сомасы 200 бен 400 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ