ДИКТОР: Облыста жастар мен оқушылар арасында әскери және құқық қорғау қызметтерінің беделін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Ондағы мақсат аталған салаларға олардың қызығушылығын арттыру, Отанға қызмет етуге мүдделі жастар үшін маңыздылығын ұғындыру.
РКС: Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту, оның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттары. Олар Қарулы Күштерді дамыту, әскери доктринаны іске асыру және азаматтарды Отанды қорғауға дайындау арқылы қол жеткізіледі.
СНХ: ЕРБОЛАТ ӨТЕПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Президенттің Жарлығына сәйкес қазір азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасып жатыр. Бүгінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімдеріне сарбаздар жасақталды.
РКС: Жыл сайын облыстық қорғаныс істері және полиция департаменттерінің өкілдері жастар арасында әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіп келеді. Биыл мектеп оқушылары үшін «Намыс» спартакиадасы, «Айбын» әскери-патриоттық клубтары жанындағы 7 команданың облыстық жиыны, «Мерген» пневматикалық винтовкамен ату жарысы, «Отан қорғаушы» сайысы, «Жігер» спартакиада сынды шаралар ұйымдастырылды. Оған мыңға жуық жас қатыстырылды.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазіргі таңда Ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерінің қызметі елді қорғау, патриоттық сезімді ояту жөнінде жақсы жұмыс атқарылып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен және Ішкі істер министрлігі тарапынан полиция қызметкерлерінің жақсы әлеуметтік жағдайлар жасалып, көмек көрсетіліп отыр. Ішкі істер органдарына қызметке тұрушылар көп болып келе жатыр. Жыл басынан бері екі конкурстық комиссияға қатысып, 80 адам қызметке қабылданды.
РКС: Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қарасты 4 оқу орны бар. Оның ішінде Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Бәрімбек Бейснов атындағы Қарағанды және Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиялары. Бұдан бөлек Мәлкеждар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бар. Қазір аталған оқу орындарына қабылдау жүріп жатыр. Оқу барысында студенттерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, шәкіртақы төленеді. Оқу орнын бітірген соң олар лейтенант атағын алып шығады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.