ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданында болып, халық алдында есепті кездесуін өткізді. Одан соң Державинск қаласы мен Пригородное ауылындағы бірқатар нысанды аралады.

РКС: «Молодежный» шағын ауданында 80 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңырту жұмысы аяқталуға жақын. Қыркүйектен бері «Компания Арнайы Құрылыс»серіктестігі аталған нысанда жұмыс істеп жатыр. Жұмыс барысында еш қиындық туындап жатқан жоқ,-деп атап өтті мердігер, Барлық жұмыс серіктестіктің жеке есебінен жүзеге асырылуда.

СНХ: АБЗАЛ ОРЫНҒАЛИ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Жұмыс аяқталуға жақын. Еден, линолеум, төсеніш тақтайшалар, металл есіктер, ванна бөлмелері, электр плиталары 3-сыныптағы тұрғын үй кешеніне толығымен сәйкес келеді. Кілттерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні табыстауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Марат Ахметжанов халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататындардың баспанасын қалыпқа келтіруге қатысты жұмыстың жай-күйімен танысты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сапасы мен мерзіміне еш сын болмауы керек. Қосымша адам күшін тарту қажет. Сапасын тексеру қажет. Тіпті еденге төсейтін линолеумнің қай елдің өнімі екеніне дейін тексерген жөн. Азаматтар баспанаға кірген кезде ешқандай қосалқы сұрақ туындамауы керек.

РКС: Биыл ауданда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 110 отбасының үйін қалпына келтіріп, жөндеуге көмек көрсетілді. 33 азаматтың баспанасы жарамсыз деп танылып, 200 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алынды. Пригородное ауылында «Қазақстан халқына» қоры арқылы екі пәтерлі 15 үй салынды.

РКС: Одан соң Марат Ахметжанов Жарқайың ауданы тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы ауданда ірі және орта кәсіпорындардың жоқтығын айта келіп, жауапты сала басшыларын сынға алды. Тек шағын кәсіпкерлік қана жұмыс істеп тұр. Тек 4 жоба аясында 30 жұмыс орны ғана құрылмақ. Облыс әкімі сжауапты тұлғаларға жұмыстың тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Жарқайың ауданының аумағында 4 бөгет бар. Оның жай-күйі алаңдатарлық, кейбірі апатты жағдайда. Жергілікті әкімшілік оны жөндеуге құлықсыздық танытуда. Марат Ахметжанов құрғақ есеп беруден арылу қажет екенін қатаң ескертті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Осынша жоба іске асырылды, жұмысорны құрылды деп жалаң ақпар беруден шеберсіңдер. Есептеріңіз бойынша 4 жоба жүзеге асырылса, 30 жұмыс орны ашылады. Қалада 7 мың адам тұратынын қаперлеріңізге алмайсыздар. Бұл өте аз. Жалаң сөзден нақты іске көшетін кез жетті.

РКС: Жұмыс сапарының соңында аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Онда негізінен жер, тұрғын үй және мал шаруашылығы тақырыбына қатысты сауалдар қойылды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ