ДИКТОР: Соңғы жылдары елімізде алаяқтық дерегі көбейіп кетті. Бүгінде алаяқтар ұялы телефонға хабарласып қана қоймай, үй-үйді аралап, түрлі айлаға көшкен. Күн санап оларға алданған халықтың да саны артып отыр. Күні кеше Көкшетаудағы Бейбітшілік шағын ауданында 1 топ адам әр үйді аралап, азаматтардың жеке басына қатысты ақпарат жинаған. Мұны естіген көкшетаулықтар дүрбелеңге түсті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Аталған дерекке қатысты мән-жайды облыстық полиция департаменті анықтады. Шын мәнінде алаяқтық емес, облыстық статистика департаментінің мамандары мультииндикаторлық кластерлі зерттеу жүргізген болып шықты.
СНХ: ЕРБОЛ АМАМБАЕВ, ҚР СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР АГЕНТТІГІ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Ол зерттеу тұрғын үй жағдайына қатысты. Сонымен қатар, әйелдерге арналған сауалнама жүргіземіз. Бұл жұмыстар 2 қыркүйекте басталды. Менің тобымда 7 адам бар. Мен топтың аға супервайзерімін. Сосын 5 әйел бар. Өйткені, олар әйелдер арасында сауалнама жүргізеді. Және 1 ер адам бар. Ол балалардың бойы мен салмағын өлшейді. Баланың бойы мен салмағы жайлы ақпаратты сауалнама шеңберінде жинаймыз. Ата-ананың келісімімен антропометрия жүргізуіміз керек. Бәрі ата-ананың келісімі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, арнайы үлгі толтырылады. Ол қай медицина ұйымына тіркелгендігі туралы ақпарат. Кейін аға супервайзер ретінде отбасылық дәрігерлік амбулаторияға барып балаға қатысты деректерді аламын. Ол жаңағы 065 формасы мен екпе алу жайлы ақпараттар.
РКС: Айта кетейік, бұл сауалнама облыс орталығында 23-шы қарашаға дейін жүргізілмек. Сондай-ақ, бүгін таңғы сағат 7-де белгісіз ер адам Көкшетаудағы Байтұрсынов көшесіндегі 78 үйдің кіреберіс есігін бұзып, әр пәтердің есігін қаққан. Үрейленген тұрғындар бұл азаматты да алаяқ деп ойлап, дүрбелеңге түседі. Облыстық полиция департаменті мән-жайды анықтады.
СНХ: АЗАМАТ МЕТАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Ол заматты анықтадық. 30-дан асқан Красный Яр ауылының тұрғыны болып шықты. Сол мекенжайдан досын іздегенін телефон арқылы түсіндірді. Біз ақпаратты мүлік иелері бірлестігіне бердік. Олар арыз жазудан бас тартты. Келтірілген шығынның орнын толтыруға қатысты өзара мәмілеге келген.
РКС: Келісілген мерзімде бұзақылық жасаған азамат шығынды өтемесе, онда заң алдында жауап береді. Полиция қызметкерлері осы сынды оқиға орын алған жағдайда бірден 102 нөмеріне хабарласуды сұрайды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ