ДИКТОР: «AMANAT» партиясының облыстық филиалында «Мирас» азаматтық қоғамды және мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылға арналған бағдарламаны іске асырудың қорытындылары, оның ішінде мәдени нысандарды жөндеу және салу, сонымен қатар облыстың көрнекті тұлғаларының шығармашылығы мен өмір жолын насихаттауға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

РКС: 2024 жылға арналған іске асыру бағдарламасында мәдениет нысандарын жөндеу және салу бойынша бірнеше аудан анықталды. Олар Атбасар, Ерейментау және Бурабай аудандары. Бұл жобалар облыстық жол картасына енгізілді. Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту үшін күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінді.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бурабай ауданы, манағы Аманай Асылбаевич айтып кеткендей, Зеленый Бор ауылы мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 696,5 млн теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Сонымен қатар, Щучинск қаласында 1,5 млрд теңгеге жақсы мәдениет үйі салынып жатыр. Кеше ғана барып көрдім.

РКС: Отырыс барысында қаралған екінші маңызды мәселе өңірдің көрнекті тұлғаларының шығармашылығы мен өмір жолын дәріптеу турасында болды. Осы жұмыс аясында жыл басынан бері атаулы күндерге арналған 700-ге жуық іс-шара өткізілді.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, "МИРАС" ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің өңірге белгілі тұлғалар, жазушылар, өнер қайраткерлеріyнің мерейтойлары аталып өтілінді. Айталық, мысалы биылғы жылы Сәкен Жүнісов, Сәкен Сейфулиннің, айтыскер ағамыз Көкен Шакеевтің, Бейімбет Майлиннің, басқа да көп тұлғалардың шығармашылығын, өмірбаянын ұлықтау, олар жөнінде кездесулер, конференциялар өткізілді.

РКС: Кездесу соңында кеңес қатысушылары мәдениет саласындағы негізгі жетістіктерді атап өтіп, жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындысын шығарды. Сондай-ақ, 2025 жылға арналған негізгі бағыттар мен міндеттер белгіленді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ