ДИКТОР:Көкшетауда қарашаның 18-і мен 20-сы аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен 126 жас зерттеуші бақ сынап, өзара сынға түсті.
РКС: Қатысушылардың арасында Ерейментау ауданының 9-шы сынып оқушысы Аяла Серікбек бар. Болашақта медицина маманы болуды армандайды. Математика мен медицинаның байланысына қызығушылық танытқан Аяла бұл байқауда «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша ғылыми жобасын алып келіпті.
СНХ:АЯЛА СЕРІКБЕК, ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ (ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ): Бұл байқауға менің алғаш келуім облыстық кезеңге. Аудандық кезеңнен өтіп, облыстық кезеңге келіп тұрмын. Жалпы айтқанда менің тақырыбым өзекті деп санаймын себебі, математиканың медицинадағы рөлі өте зор. Жетекшім екеуіміз бірге эксперимент жасап, тәжірибе жасау арқылы бақыладық. Біз 2023 жылдың қазан айынан бастаған болатынбыз жетекшім екеуіміз. Енді облыстық кезеңге келіп отырмын, жақсы жүлделі орын аламын деген ойдамын.
РКС: Көкшетаулық Наргиз Сейілбекова Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 10-шы сынып оқушысы. Оның жобасы өзінің бірегейлігімен қазылар алқасының ерекше назарын аударды. Ол неодим магнитін қолдану арқылы электр энергиясын іске қосу жобасын ұсынды.
СНХ:НАРГИЗ СЕЙІЛБЕКОВА, ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ: Бұл жұмысымның өзектілігі электр энергиясын үнемдеуге қолжетімді. Мысалы үйдегі жарық өшіп қалған кезде осы электр магниттік қозғалтқыш арқылы біз біршама уақытқа жарықты қоса аламыз. Бұл электр қуатын үнемдеуге және оның қаражаты жағынан да үнемдеуге мүмкіндік береді. Себебі осы неодим магниттері ситрек кездесетін магнитке қарағанда әлдеқайда арзанырақ.
РКС:Байқауға 211 ғылыми жоба келіп түскен. Ең өзекті 110 ғылыми жоба сарапшылардың іріктеуінен өтіп, қорғауға қабылданды.
СНХ:РӘШИД ЫДЫРЫСОВ, ҚАЗЫЛАР-АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жылдан жылға оқушылардың жұмысы жобалық деңгейі өсуде. Бірінші кезекте жұмыстардың зерттеулік деңгейі қарастырылады. Қаншалықты оқушылар ғылыми жағынан зерттеуге ат салысты. Пән мұғалімімен жетекшімен бірге жобаны жан-жақты қарастыруы, ізденімпаздығы, зерттеу деңгейінің бір бастамалары көрінетін соның бәрін байқаймыз. Бірнеше сараптау талаптары бойынша қаралады. Ең негізгісі ол – ғылымилығы.
РКС:Байқау қорытындысына сәйкес әр номинация бойынша 94 оқушы жеңімпаз атанды. Олар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Облыстық кезеңнің бірінші турынан өткен жеңімпаздар желтоқсан айында бейінді пәндер бойынша тестілеу тапсырады. Одан сәтті өткен оқушылар республикалық кезеңге жолдама алып, Ақмола өңірінің намысын қорғамақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ