ДИКТОР: Атығай-Қарауылдың бас биі болған Қанай бидің 325 жылдығына орай Қарабұлақ ауылында аудандық ғылыми конференция өтті. Айта кетейік, ол Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген. Орта жүздің Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан Қанай өз кезінің шешені, батыры, биі болған.
РКС: Абылайхан мен Бұқар жыраудың ұсынысымен ұзақ жыл Орта жүзде төбе би болған. Абылайханды хан сайлаған кезде Қанайды да ақ киізге орап, қараша би ретінде қатар көтерген. Тарихи деректерге көз жіберсек, кезінде Абылайханның ең жақын кеңесшілерінің бірі болған. Қанай бидің ұрпақтарының басы қосылған жиында өзі туған өңірде бір көшенің аты берілуі керек деген ой да айтылды.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Жалпы Қанай биден 6 ауыл тарайды. Олардың бәрі осы Зеренді ауданының қарамағында Қарабұлақ, Игілік, Жамантұз, Қойсалған, Ұялы деген ауылдар. Жалпы Қанай би бабамыз туралы әлі де зерттеулер ойымызда. Қанай атамыздың атында қазір тәубә Көкшетау қаласында Чапаев көшесі қазір Қанай би атындағы көше. Сонымен қатар Атбасар қаласында, Шортан қаласында көшелер бар. Қанай би атындағы мектеп бар, ауылдық округ бар, бюст бар. Ендігі бір мәселе өзінің туған жері Зеренді ауданының орталығы Зеренді селосында әзірге Қанай би атындағы көше жоқ. Енді үкіметтің ұйғарымымен қазір моноторий екен. Елді мекендерге кісі адамдарының атын беру. Бірақ та аудан әкімінің атына осы Қанай бидің ұрпақтары хат жаздық. Бүгінгі конференция Қанай тану саласына үлкен белгілі бабаны зерттеуге қосылған тағы бір үлес деп ойлаймыз, есептейміз.
РКС: Конференция барысында Зеренді ауданына қарасты мектептерден мұғалімдер мен оқушылар мәнерлеп оқу, жоба қорғау, сыныптан тыс сабақтардан үлгілер көрсету бойынша сайысқа түсті. Шара соңында әр номинация бойынша қорытынды шығарылды. "Біздің Отанымыз туралы – біз туралы" мәнерлеп оқу байқауының номинациясына 17 оқушы қатысты. 1 орынды Игілік мектебінің оқушысы Жансая Мұрат, 2 орынды Ақадыр мектебінің оқушысы Шұғыла Асылбек және Зерендідегі №2 мектебінің оқушысы Ирина Шлыкова Ирина бөлісті. 3 орынды Сейфуллин мектебінің Ақниет Бегаева мен Зерендідегі №2 мектебінің оқушысы Арина Ивашова, Дөңгілағаш мектебінің оқушысы Жанерке Оразбай иеленді. Екінші және үшінші номинацияларда аудан мектептері мұғалімдерінің жұмысы көрсетілді. Белсенді педагогтар мен оқушылар Алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ