ДИКТОР: Биыл облыста 14 миллион түп ағаш отырғызылады. Қазірдің өзінде облыстың түкпір-түкпірінде 2 миллион 300 мыңнан аса көшет егілген. Көкшетаудағы «Алаш арыстары» саябағы жақында жасыл желекке оранады. «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бағдарламасы аясында бүгін жастар тағы да көшет отырғызды. Белсенділерге аймақ басшысы Марат Ахметжанов та қосылды.
РКС: Іс шараға 200-ден аса адам қатысты. Олардың арасында студенттер, волонтерлар, блогерлер, белсенділер және жергілікті қоғамдастық өкілдері бар. Олардың барлығы бүгінде болашақ пен қоршаған ортаның игілігі үшін еңбек етуде. Жастар қарағайдың көшеттерін отырғызу.
СНХ: ӘДІЛХАН ДУЛАТ, СТУДЕНТ: Негізі осы акцияға шақырғаны – ол енді біз жастар болғаннан, жастар Қазақстанның болашағы деген сияқты. Осы ағаш отырғызу арқылы Таза Қазақстан акциясы жүргізу арқылы біз болашағымызды арттырып, кейінгі ұрпақтарға бір байлық қалдырып кетеміз. Ол дұрыс жұмыс.
РКС: Облыс әкімі жас ұрпақтың «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуы жақсылықтың бастамасы екенін атап өтті. Ағаш отырғызу акциясына аймақ басшысы Марат Ахметжанов та қосылды. Саябақты көгалдандыру бір күндік шаруа емес, сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрбір азаматтың міндеті, – деп атап өтті Марат Ахметжанов. Сондықтан да бұл шара Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратының ашылуына орайластырылды. Көкшетаудағы экология, волонтерлік және азаматтық белсенділікке арналған шығармашылық контент енді осында ұйымдастырылмақ.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жаңа ашылған саябаққа бүгін осындай өте бір қомақты іс-шара өткіземіз. Өйткені бұны осы жастардың қолымен бүгінгі ағаш егіп, және осы ғимаратты Ақмола облыстық Жастар ресурс орталығына сый ретінде тартып отырмыз. Сондықтан осы толық жауапкершілік ертең болашаққа осы саябақты күтіп, жастардың бір сүйікті орталығына айналып біз сенімдіміз.
РКС: Шығармашылық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырудың заманауи кеңістігі жастардың пайдалануына берілді. Қаланың жаңа саябағына демалушыларды көбірек тартуға, сондай-ақ шығармашылық адамдарға аймақтағы лайықты бастамалар туралы ақпарат ұсынуға мүмкіндік беретін TikTok House жобасы да осында жүзеге асырылады.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ