ДИКТОР: Көкшетау жоғары техникалық колледжінде «Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында өткен семинарға білім беру мекемелерінің студенттері қатысты. Шара барысында Евней Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің лекторы қатысушыларға негізгі құқықтық және жалпыға қолжетімді сауалдар қойып, «сыбайлас жемқорлық» ұғымын түсіндірді.
РКС: Дәріс «сұрақ-жауап» форматында өтті. Мұндай интерактивті формат қатысушыларға маңызды ақпарат алуға ғана емес, сондай-ақ талқылауға белсене қатысуға, пікірлермен бөлісуге және қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЯН ӨМІРБЕК, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Коррупция туралы айтылған жағдайда көп нәрсе болып тұру керек. Өйткені бұл жерде өзіміздің жағдайда результат анық көрініп тұр, өйткені біз 90-шы орнынан 88-ші орынға дейін түстік. Бұлмен күресіп біз үшін қиын, бірақ жас буындарға келіп, семинар өткізіп, барлығын айтып, түсіндіріп отыратын болса, болашақта коррупция тоқтайды деп үміттенемін. Кезінде ҚСРО-ның құрамында болғаннан кейін, ҚСРО-ның құрамындағы жағдай өзінің полномочиясын пайдаланып істелген жағдайлар болғаннан кейін жас балалардың арасында қолданылған.
РКС: Дәріскер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданыстағы заңнамасы және әлемдік тәжірибе туралы баяндады. Еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
СНХ: РУСЛАН ТОҚАТОВ, Е. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл шараның басты мақсаты өскелең болашақтың жалпы ой санасында қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер талдау арқылы оның түсінігі менен қазіргі таңда алып отырған орнын, алапаттардың зерттеу арқылы халықтың арасында қатып қалған келеңсіз түсініктерді жою мақсатында ақпарат беру. Соның негізінде халықаралық тәжірибе аясында біраз жұмыс істеп, сол ақпаратты бере отырып, сосын сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен септігін тигізетін адам болғандықтан, аламның бойындағы парасаттылық қасиеттерін, адамгершілік қасиеттерін дәріптеу арқылы ой сананы оятатын түрлі тарихи тұлғаларды, басқа да осы санаттағы халықаралық және отандық шаралардың алып отырған орнында түсініктеме беру шараларын жүзеге асырамыз.
РСК: Семинар соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру адалдық, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным арқылы білім беру ортасынан басталуы керек деген ортақ пікірге келді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ