ДИКТОР: Жыл сайын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны артып келеді. Қазір облыс бойынша 13 мыңнан астам бала арнайы қолдау мен ерекше жағдайға зәру. Психикалық немесе физикалық даму ерекшеліктері бар балаларды уақытылы анықтау үшін аймақта психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жұмыс істейді.

РКС: Ақмола облысының аумағында қазір осындай 4 кеңес жұмыс істеп тұр. Олардың негізгі міндеті балалардың мінез-құлқындағы даму деңгейі мен ауытқуларды диагностикалау. Тексеру жаңа туған сәбиден бастап 18 жасқа дейін жүргізіледі. Уақытылы көмек көрсету, даму деңгейі мен ерекшеліктерін, тәрбие мен оқытудың сипатын анықтау үшін ерте консультация қажет, - дейді мамандар.

СНХ: ТОЛҚЫН АЛХАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өз беттерімен жүгінетіндер санының көп екенін атап өткім келеді. Егер бұрындары балабақшадан жолдама берілсе, қазір ата-аналардың өзін-өзі тануының деңгейі жоғары екенін байқауға болады. Баласының болашағына жауапкершілікпен қарайды. Көпшілігі ешкімнің көмегінсіз өз бетінше жүгінуге үйренді. Ата-аналар баласының сөйлемегенін байқаған кезде бірден бізге келеді. Егер бала басқа бүлдіршіндермен өзара байланысы аз болса, онда қарым-қатынастың, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бұзылғаны деп қабылдау керек. Бұл да аса маңызды. Баланың дамуын бақылай отырып, олар дабыл қағады. Дәл осындай алғашқы белгілерді байқаған ата-аналар біздің орталықтан кеңес сұрайды. Бұл дұрыс. Бала 5-6 жаста мектепке барғанда емес, дамудың ерте сатысында мамандлардың көмегіне жүгіну қажет.

РКС: Былтыр облыс бойынша 2,5 мыңға жуық бала тексеріліп, кеңес берілді. 700-ге тарта бала алғаш рет жүгінді. Айта кетейік, 2023 жылмен салыстырғанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы саны 6 процентке өсті. Бұдан бөлек, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес аудандарға шығып, көшпелі консультациялар жүргізеді. Өткен жылы 2 мыңнан астам бала мамандардан ұсыныстар алды.

СНХ: ТОЛҚЫН АЛХАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің мақсатымыз өңірлерге шығу. 8 ауданды араладық. Себебі балалар мен ата-аналарға Ерейментау, Қорғалжын аудандарынан бізге келу өте қиынға соғады. Шалғай аудандарға тіптен қиын. Сондықтан ата-аналар үшін жағдай жасауға тырысамыз. Команда кеңес беру үшін аймақтарға қызметтік көлікпен барады.

РКС: Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кешенді түрде психологиялық-педагогикалық және медициналық тексерістен өткізеді. Мамандар баланың даму деңгейін халықаралық және әлеуметтік-педагогикалық критерийлер бойынша бағалайды.

СНХ: СӘУЛЕ ЕСКЕНДИРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізде қажет мамандардың бәрі бар. Кешенді тексереміз. Қазір ата-аналар электронды Үкімет порталы арқылы өтінім бере алады. Белгіленген күні олар баламен келеді. Өздерімен бірге тексеруге қажетті құжаттары толық болуы шарт.

РКС: Консультация нәтижелері бойынша мамандар қорытынды, даму бұзылыстарын бағалайды. Содан кейін психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне жолдама беріледі. Облыста 21 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді, онда балалар қажетті дағдыларды түзету және дамыту үшін психологпен, логопедпен, дефектологпен және басқа мамандармен жеке және топтық сабақтар алады. Сонымен қатар, өңірде мектептер жанынан түзету кабинеттерінің желісі құрылды. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдаудың 84 кабинеті жұмыс істеп тұр.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.