ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде заң факультетінің түлектері үшін салтанатты диплом беру рәсімі өтті. Бұл күні жүзден аса түлек жоғары білім туралы диплом алды.
РКC: Салтанатты шараға облыстағы сот жүйесінің өкілдері қатысты. Олар жас мамандарды құттықтап, мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу тәртібін жан-жақты түсіндірді.
СНХ: МЕЙРАМГҮЛ ҚАРЖАУБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ СОТ ӘКІМШІЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2018 жылы Ақмола облыстық соты жене Университет арасында ынтымактастық туралы меморандумға қол қойылып, қазіргі уакытта бірлесе жумыс атқарудамыз. Меморандум аясында студенттер үшін тәжірибеден өтуге жағдай жасалып, түлектерді жұмыспен қамтуға мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар, облысымыздың судьялары студенттерге дәрістер оқып отырады.
РКС: Заң факультетінің түлектері алған білімдерін тәжірибеде қолдануды жоспарлайды. Жас заңгерлер облыстың құқықтық тәртібін нығайтуға және құқықтық жүйені дамытуға үлес қосуға дайын.
СНХ: КАМИЛА ИБРАГИМОВА, ТҮЛЕК: Алдағы уақытта заң саласының қызметін тереңірек білу, былайша айтқанда осы мамандыққа толықтай қанық болу үшін еңбек жолымды алдымен соттан бастауды жоспарлап отырмын. Болашақта заңгер болып жұмыс істейтін боламын. Өйткені адамдарға көмектескім келеді, заң тұрғысынан ақыл кеңес беретін боламын, сондықтан осы жолды таңдаймын./
РКС: Айта кету керек, бүгінде облыстағы 26 аудандық сотта 124 судья мен 305 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Олардың ішінде 26 судья мен 52 қызметкер Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ