ДИКТОР: Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 6 мыңнан астам түлек тәмамдады. Олардың 2 мыңнан астамы жұмысшы мамандығын игерген. Оқуын үздік аяқтаған 55 түлекке бүгін Көкшетауда салтанатты түрде диплом табысталды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 6 мыңнан астам түлек аяқтап отыр. Соның ішінде 550 студент колледжді үздік нәтижемен тәмамдады. Салтанатты шара барысында Ақмола облысының әкімі Досұлан Айтбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылының» маңыздылығына тоқталып, оның қоғамдағы орны мен сұранысын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, барша түлекті атаулы күнмен құттықтап, алдағы еңбек жолында сәттілік пен табыс тіледі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сіздер біздің мақтанышымыз, үмітіміз, болашағымызсыздар! Бүгінгі жетістіктеріңіз көптеген ұйқысыз күндердің, еңбекқорлықтың, білімге ұмтылудың және өздеріңізге деген күш пен сенімнің нәтижесі. Сіздер үлкен қиындықтарға дайын екендеріңізді және жоғары нәтижеге қол жеткізе алатындықтарыңызды дәлелдеп отырсыздар! Колледж қабырғасында алған білімдеріңіз сіздердің өмірлеріңізге берік іргетас болып қалатындығы сөзсіз. Сіздер теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларды да игердіңіздер. Ақмола облысында сіздердің өз білімдеріңіз бен дағдыларыңызды қолдана алатын 700-ден астам кәсіпорын бар.

РКС: Ақжүніс Орынбай - Көкшетау жоғары техникалық колледжінің түлегі. Оқуын үздік тәмамдаған ол өз мамандығын мақтан тұтады. Болашақта кәсіпкер атанып, жеке кондитерлік цех ашуды армандайды. Айтуынша, бұл мақсатқа жету үшін алдымен тәжірибе жинақтау қажет. Сондықтан алдағы уақытта Астана қаласында аспазшының көмекшісі ретінде еңбек жолын бастауды жоспарлап отыр.

СНХ: АҚЖҮНІС ОРЫНБАЙ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТҮЛЕГІ: Бізге көп көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда мен колледжде мен терең білім алдым. Заманауи, креативті құзыреттіліктерге ие болдым. Колледж тарапынан көп көмек көрсетілді. Барлығына рахметімді айтамын. Бізде бүгін қуанышты күн. Диплом алып, үздік аяқтап жатырмыз. Бәрі жақсы барлығы керемет!

РКС: Салтанатты шараға аймақтың түкпір-түкпірінен келген ата-аналар да қатысып, түлектердің қуанышына ортақтасты. Сондай-ақ, сапалы білім мен тәлім берген ұстаздарға алғыстарын білдіріп, олардың еңбегіне ризашылықтарын жеткізді.

СНХ: ТАТЬЯНА МУТАСОВА, АТА-АНА: Мен құрылыс-техникалық колледжінің түлегі Роман Мутасовтың анасымын. Бүгін – біздің отбасымыз үшін ерекше әрі толқынысқа толы күн. Ұлымыз оқуын үздік аяқтап, қызыл диплом иегері атанды. 2025 жыл –елімізде жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бүгінгі түлектер алған кәсіби білімінің арқасында еліміздің дамуына өз үлесін қосады деп сенемін. Барша түлектерге жарқын болашақ, өз ісінің шебері атануына тілектеспін! Сонымен қатар, мемлекетімізге жастарға мүмкіндік беріп, білімін іске асыруға жағдай жасап отырғаны үшін зор алғысымды білдіремін.

РКС: Сондай-ақ, шара барысында «Қазақстанның үздік 100» студенті тізіміне енген 6 студентке ақшалай сертификат, жетістіктерімен ерекшеленген 24 түлекке кәсіпорындарға жолдама табысталды. Айта, кетейік, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын тәмамдаған түлектерді өңірдің 700-ден астам кәсіпорны жұмысқа қабылдауға дайын.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ