ДИКТОР: Ескі Нефтебазовская шағын ауданы 30 жылдан астам уақыт бойы қала тарапынан назардан тыс қалған. Бұл ауданға соңғы 30 жылда жол төселмеген. Биыл Көкшетау қаласы әкімдігінің өкілі Ерболат Қажы бұл мәселені қолға алғаннан кейін сең қозғалды,-дейді тұрғындар. Сөйтіп, жаңа жол салынды. Шағын ауданның қазіргі жағдайымен әріптесім Сәния Есімсейітова танысып қайтты.

РКС: Көкшетау қаласы әкімдігінің өкілі Ерболат Қажы жергілікті тұрғындардың өтініштеріне жауапкершілікпен қарап, бірқатар мәселені шешуге атсалысты. Көктемде жолдарға асфальт төселіп, көше бойына жаңа қоқыс контейнерлері орнатылды. Жылдар бойы әр жерге үйілген қоқыс шығарылған. Сондай-ақ гүлдер отырғызу үшін құнарлы топырақ жеткізілді. Бұдан бөлек, жылу құбырлары қымталып, көшенің атауы жазылған тақтайшалар орнатылды. Тұрғындар әкімдік өкіліне ауданның дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыстарын жеткізуде.

СНХ: РҮСТЕМ ХАМИТҰЛЫ, ЕСКІ НЕФТЕБАЗОВСКАЯ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 90-шы жылдан бері осында тұрып жатырмыз. Шағын ауданымызды көркейтіп жатыр. 1-2 айдың ішінде жол салып, қоқысты шығарып, техника беріп, Нефтебазамыздың атауын қойып, соның бәрін реттеп жатқан әкімдік пен Ерболат Қажыға рахмет. 90-шы жылдан бері су да болмаған, бәрі ручной болатын. Өзіміз көршілермен суды да тарттық. Соған көмектесіп жатқан осы жігіт.

СНХ: ОРЫНТАЙ ІЛИЯСОВА, ЕСКІ НЕФТЕБАЗОВСКАЯ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ең алдымен, осы ауданға көңіл бөліп, қолға алғаны үшін жетекшіміз Қажы Ерболатқа үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл аудан ұзақ жыл инфрақұрылымдық дамудан шет қалған десе де болады. Мұнда бұрын-соңды жол болмаған, лай мен балшықтан аяқ алып жүру мүмкін емес еді. Күз бен көктемде бәрі батпаққа айналып, үнемі етікпен жүретінбіз. Ерболат Қажыға адалдығы, әділдігі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтамын. Демалыс күні, тіпті еңбек демалысында болса да, біздің мәселелерімізді сұрап, өзі келіп жағдайды білуге тырысады.

РКС: Ерболат Қажы тұрғындардың өтініштеріне назар аударып, барлық сұрақты оңтайлы шешуге тырысты. Айта кетейік, қазір әкімдік өкілі көшелердегі жарық мәселесін жақсартумен айналысуда. Сондай ақ алдағы уақытта жоспарында қарттар үшін демалыс саябағын ұйымдастыруды қолға алмақшы.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ