ДИКТОР: Бурабайда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 900-ден астам қатысушы, сондай-ақ Ресей мен Беларусь елдерінен келген меймандар BURABAY OPEN 2025 турнирінде бақ сынады. Үш күн бойы спортшылар Қазақстан Республикасының Чемпионаты, Кубогы және Біріншілігі үшін бақ сынасты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Чемпионат, Кубок әрі Республикалық Біріншілік аясында өткен жарыста Қазақстанның барлық өңірінен және ТМД елдерінен келген 37 төреші төрелік етті. Аталған шара шын мәнінде аймақ үшін аса тартысты сайыстың бірі болды.
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Алаңда қызу тартыс жүріп жатыр. Бұл спорт түрі әсемдігімен, сұлулығымен ерекшеленеді. Дәл осы сайыстың Ақмола өңірінде өтіп жатқанына қуаныштымыз.
СНХ: ЭЛЬМИРА ШӘРІПОВА, ОБЛЫСТЫҚ СПОРТТЫҚ БИ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мұнда Алматы, Ақтау, Қостанай өңірлерінен өкілдер келді. Сондай-ақ Челябіден келген спортшылар да бар. Төрешілер Минск, Мәскеу және Челябіден. Өте ауқымды шара болды.
РКС: Көкшетаулық «Реверанс» клубының өкілдері турнирдің тиісті деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Сайысқа қатысушылар бұл турнирді маусымның алғашқы бастамасы деп санайды. Алдағы уақытта халықаралық аренада өнер көрсетуден үмітті. Аталған би сайысы көрермендерге ерекше әсер сыйласа, қатысушылар үшін жеңіске жетелеген жол болды. Астанадан келген бишілер чемпионат жеңімпаздары атанды. Ал біріншілікте Көкшетау құрамасы топ жарды.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.